Ақпараттың құндылығы – адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға жарамдылық қасиеті.
5. Ақпараттың объективтілігі біреудің пікірі мен шешіміне тәуелсіз болуы.
6. Ақпараттың түсініктілігі. Ақпарат пайдаланушыға түсінікті тілде жазылуы керек. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпарат түсініксіз.
7. Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедия деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиялық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады., ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады.
Әдетте компютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт – 1024; мегабайт – 2024 Кбайт және 1024Мбайтқа тең гигабайт болып табылады.
8. 1 байт 8 бит
1 кбайт 1024 байт
1 мбайт 1024 кбайт
1 гбайт 1024 мбайт
1 терабайт 1024 гбайт