2-апта.«ХХІ ғасырдағы педагогикалық мамандық» немесе «Жаңа формация тәрбиеші» атты тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз
Жауабы: Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби, көп жағдайда әдістемелік ой-өрістің жоғарлығы мен мұғалімнің кәсіптік білім беру ісәрекетінің деңгейінен байқалады. Біліктілікті арттыру жүйесінің осындай тұстарын жоюдағы негізгі салмақ қазіргі таңда қосымша білім беруді жүзеге асыратын білікті арттыру институтына түседі. Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан- 32 жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді. Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше рөлге енеді. Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір элементі болып табылады.
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп. Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: - жалпы адамзаттық талаптар; - мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар; - пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал, мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгіөнеге болуы және т.б. кіреді.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық бейімділіктің болуы. Педагогикалық бейімділік негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік қатарына төмендегі қасиеттерді атап кетуге болады: - психологиялық, педагогикалық. әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі; - мұғалім мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі; - кәсіптік көрегендігі; - педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі; - ұйымдастырушылық шеберлігі; - оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс әрі уақытылы қабылдай алуы; - ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі; - педагогикалық техника. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің педагогикалық шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Педагогикалық шығармашылық – педагогтің жеке даралығының, оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің және тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі.