1 апта: Практикалық сабақ тақырыбы: Шешендіктану /риторика/ дегеніміз не? Бұл ғылым ба, әлде өнер саласы ма? Кімдерге арналған сала? Осы тақырыпта өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз



бет1/5
Дата05.03.2023
өлшемі38,72 Kb.
#71780
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта


1 апта:
Практикалық сабақ тақырыбы:
Шешендіктану /риторика/ дегеніміз не? Бұл ғылым ба, әлде өнер саласы ма? Кімдерге арналған сала? Осы тақырыпта өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз.
Адам атаулының қай-қайсысы да дұрыс та дәл, әрі шешен сөйлей білуді жете меңгеруге ынталы. Себебі бұл өзге адамдармен (отбасында, мектепте, қызметте, қоғамдық өмірде) жылы да жағымды қарымқатынас орнатуға және оны сақтауға мүмкіндік береді, әр түрлі салада жетістікке жетуге көмектеседі. Әшейінде мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнында, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе, ол теңдесіз күшті құралға айналады. Біздің бір-біріміздің қарым-қатынасымыз сәтті болу үшін, тек қана тілді, оның грамматикасы мен сөздік қорын жақсы біліп қана қою жеткіліксіз. Әңгімелесушіңді қызықтыра отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытыңызға икемдеп, баурап алу үшін, өзіңізге көңілі ауған, ұнататын адамдармен, тіпті өз қарсыластарыңызбен де сөйлесе білу үшін, ақырында шаршы топ алдында сөйлей білу үшін өз сөзіңізді орынды үйлестіре білу аса қажет.
Егер де «сырт киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ойына қарай шығарып салуға» сүйенсек, мұнда адами қарым-қатынасқа алғашқы кезекте мән берілген, яғни сөз – ойдың «сырт киімі», ендеше оларды таңдап, іріктеп қолдануда қателеспеу маңыздырақ. Әрине, адамды тек оның сөзіне қарап бағалау жөн болмас еді, десек те, бір жағынан оның сөйлеген сөзін назарға ілмей, ескермей адамға баға беру дұрыс та емес. Бұл адам баласына ежелгі заманнан мәлім. Бұл орайда Сократ: «Сөйлеп көріңіз, мен сіздің кім екеніңізді айтайын»,-деген. Жалпы, сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық атаулы жоқ. Ал адам іс-әрекетінің кейбір салаларында ол аса қажетті. Мәселен, заңгер, мұғалім, агроном, әлеуметтік қызметкер, психолог, менеджер, саясаткер, діни уағыздаушы өз мамандықтарының шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жете меңгеруі тиіс. Себебі, оларға адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, яғни әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми жағдайда шаршы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөз сөйлеу үшін, не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай айту керектігін білген жөн. Шешен өз сөзінің ерекшеліктерін көз алдына елестете білуі керек. Шешен мен тыңдаушыларға әсер ететін сандаған факторларды ескеру дұрыс. Сөйлеу техникасын меңгеруі тиіс. Шаршы топ алдында сөз сөйлеуге даярланушы әрбір адамның алдынан міндетті түрде бір шоғыр мәселе бас көтереді. Алғашқы кезекте сөз сөйлеудің мақсатына орай

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет