1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк


Кіші топтардың ұжым ретінде даму процесі



бет17/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Кіші топтардың ұжым ретінде даму процесі
Тәрбиелеу объектісі ретінде жеке тұлғадан гөрі әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген адамдар топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз ХУІІ ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Сонымен топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп саналады:

1) бір-бірімен жиі арақатынас;



  1. өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;

  2. өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;

  3. рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатынасатын;

  4. бірдей объектілер мен идеялармен өзін теңестіретін;

  5. топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;

  6. өзара байланыста болатын;

  7. өздерін біртұтас сезінетін;

  8. өздеріне қатысты іс-әрекетті реттейтін.

Топқа психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір сипаттамалар негізінде негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген жалпыламалық болып табылады.


Топтарды өлшемі бойынша келесідей бөлу кең таралған:

  • үлкен және кіші топтар;

  • нақты және шартты.

Нақты топтар дегеніміз — белгілі бір бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы.


Шартты топтар дегеніміз – бір-бірімен тікелей немесе жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады.
Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Кіші топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.
Ішкі құрылысының қарапайымдылығы кіші топтың ерекшелігі болып табылады. Кіші топта әдетте, беделді лидернемесе беделді жетекші болады.
Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді.
Бұл топтарды келесідер сипаттайды: олардың арақатынасы топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай симпатия – антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады.
Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша ғана болады, көзқарастырадың ұқсастығымен айқындалады. Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып

оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.




    • 1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).




    • 2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);




    • 3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).




    • 4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).




    • 5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).




    • 6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.




    • 7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.




  1. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет