ОҚушылардың функционалдық сауаттылығының НӘтижелілігі қосымша білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің Ӛзара байланысына



Pdf көрінісі
Дата18.03.2017
өлшемі342,47 Kb.
#10049

130 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ 



НӘТИЖЕЛІЛІГІ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ӚЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА 

ӘСЕРІ 

Ж.А. Еркегалиева, 

«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ 

Орал қаласы, Қазақстан 

 

Мақала оқушылардың функционалдық сауаттылығын қосымша білім 



беру  жүйесі  арқылы  дамыту  жолдары:  шығармашыл  тұрғыда  ойлауға, 

шешім  қабылдай  алуға,  кәсіби  жолын  таңдай  алуға  қабілеттілік,  ӛмірлік 

дағды  қалыптастыруға  және  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  ықпал 

ететіндігі туралы. 

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жӛніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  мектеп 

оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-

әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жӛніндегі  іс-шаралар 

кешенін  қамтиды.  Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім 

сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының  мақсаттылығын, 

біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.  

Ұлттық  жоспардың  мақсаты  -  Қазақстан  Республикасындағы  мектеп 

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. 

Қосымша  білім  беру  жүйесі    тұлғаның  сапа  мәнін  қалыптастыруға, 

қабілеті  мен  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  қол  ұшын  береді. 

Оның  мүмкіншіліктері  осы  мәселені  шешу  және  жалпы  орта  білім  беру 

жүйесінің нәтижелері, мазмұны мен мақсатын  модернизациялауда ерекше. 

Әр  адамның  тұлға  ретіндегі  ең  басты  функциялық  сапалары: 

белсенділік,  шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  және  шешім  қабылдай  алуға, 

кәсіби  жолын  таңдай  алуға  қабілеттілік,  ӛмір  бойы  білім  алуды  мақсат 

ретінде ұстануы қажет. 

Қазіргі  тез  құбылмалы  әлемде  функционалдық  сауаттылық 

адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 

белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  ӛмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық факторлардың біріне айналуда. 

Оқу 


бағдарламалары, 

сондай-ақ, 

мектеп 

оқушыларының 



функционалдық 

сауаттылығын 

дамытуға 

және 


негізгі, 

пәндік 


құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады. 

Білім  беру  нәтижелеріне  қол  жеткізуге  ықпал  ететін  факторларға 

PISA  кӛшбасшы  елдері  оқушыларды  қосымша  біліммен  және  мектептен 

тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. 

Қосымша  білім  беру  мазмұнын  жаңарту,  балалардың  интерактивті 

парктерін,  технопарктерін,  балалардың  ғылыми  мұражайларын  құру 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет