1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк


Өзара тілдесудің әлеуметтік- психологиялық сипаты



бет20/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
2.Өзара тілдесудің әлеуметтік- психологиялық сипаты.
Адамның қоғамдық болмысы жанжақты әрi көп деңгейлi аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгiме еткенбiз. Ал осы қатынастар арасында өзiнiң ерекше мәнi мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс бұл тiлдестiк қатынастар. Тiлдесу барысында адамдар өзара әрекеттiк байланысқа келiп, тұрмысеңбек тәсiлдерi мен нәтижелерiн, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерiн, қызығулары мен сезiмдерiн және т.б. өзара бөлiседi, алмасады. Тiлдестiк қатынас бiршама дербес құбылыс ретiнде қабылдануымен, субъектi белсендiлiгiнiң ерекше бiр формасы ретiнде көрiнедi. Тiлдесу қызметiнiң нәтижесi өзгертiлген, болмаса қайта жасалған дүниелiк не идеалдық өнiм емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгiме тек бiрдiң екiншiге бағытталған жай әрекетi, не оның ықпалы жөнiнде емес, ал өзара, бiрбiрiне болған әсерi туралы.
Тiлдесу үшiн мiндеттi түрде әрқайсысы өз алдына субъектiк мағынаға ие ең кемiнде екi адам болуы қажет.Қазiргi кезде жалпы психология мәселелерiнiң көптеген шешiмi осы тiлдестiк қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебi психологиялық бейненiң бiр формадан екiншiсiне өтуi (мыс.: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т.с.с.), адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңiл шарпуларының ерекшелiктерi, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тiлдестiк қатынастың негiзiнде жасалады.
Тiлдесу деген не? Тiлдесу бiркелiкi iсәрекет қажеттiгiнен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзi. Тiл қатынасы негiзiнен әңгiмелесушiлердiң өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тiл қатынасының коммуникативтiк сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы сөйлеушiлердiң өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бiр бiрiнiң әрекетiн, қылығын танып, оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. ¶шiншi, ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бiрiн бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi.

Сонымен, бiртұтас тiлдесу процесiнде үш бағытты байқаймыз: коммуникативтi (ақпарат алмасу), интерактивтi (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивтi (адамның бiрiн бiрi қабылдап, түсiнiсуi). Осы үш, бiрбiрiне байланысты тiлдесудiң қырлары бiрлiктi қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдiстерiн құрайды.


Тiлдесу мен iсәрекет өзара тығыз байланысты екенi сөзсiз. Бiрақ, әңгiмеге арқау болып отырған тiлдесу қызметi iсәрекеттiң бiр бөлiгi ме, не бұл екеуi өз алдына дербестiгi бар, теңдей құбылыс па? деген сұрақ туындайды. Бiрлiктi iсәрекет барысында адам қажетсiнуден мiндеттi түрде басқа адамдармен қауым түзедi, сөйлеседi, пiкiр алысады, яғни байланысқа келiп, өзара түсiнiсумен ақпарат алысып, берiседi. Бұл жағдайда тiлдесу қызметi iсәрекеттiң бiр бөлiгi сипатында қарастырылады, бiрақ адам мұнымен шектелiп қалмайды. Тiлдесе отырып адам басқаларға өзiнiң ерекшелiктерiн, даралық қасиеттерiн танытады (қазақтың «аузын ашса, көмекейi көрiнедi» деген қанатты сөзi осыдан). өндiрiлген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кiтап, орындалған ән) бұл, бiр жағынан, iсәрекет нысаны, ал екiншi жағынан адамның өзiнөзi қоғамдық тұлға ретiнде көрсетуiнiң қажеттi құралы, себебi өнiм басқалардың мүддесiне бағышталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тiке емес, жанама сипат алады да, өндiрушi мен пайдаланушыға теңдей ортақ тiл байланысын туындатады.
Сонымен, iсәрекет тiлдiк қатынастың бiр бөлiгi, ал сезiм iсәрекеттiң құрам бөлiгi, ал екеуi қосылып барша жағдайларда тұтас бiрлiктi құрайды.
Тiлдесу әрекетiнiң сипаты, аймағы мен әдiстерi оған қатынасқан адамдардың әлеуметтiк қызметтерiмен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен, қандай да қауымға мүшелiгiмен анықталады да өндiрiс, өнiм алмасу және оны пайдалануға байланысты жағдайларға, сондайақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтiк мекемелер тарапынан реттелiп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тiлдесу процесiне қатыспайтын адамға тән психикалық құбылыстарды атау өте қиын. Iсәрекетпен бiртұтас байланысқан осы тiлдесу арқылы адам бүкiл қоғам жаратқан тәжiрибенi игередi. Жеке адам дамуы тұрғысынан тiлдесу барысында бiрiнебiрi қайшы екi диалектикалық бағыт өзара байланысқа келедi: бiр жағынан, жеке адам қоғам өмiрiне араласады, адамзат топтаған тәжiрибенi игередi, ал екiншi жағынан адамның даралығы айқындалады.
2. Тiлдесу ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
Тiлдесудiң жеке адам деңгейiндегi сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметi үш түрге бөлiнедi: ақпараттық тiлдесу, реттеу тiлдестiгi және сезiм бiлдiру тiлдестiгi. Осыдан тiлдестiк қатынастың үш түрлi мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал және адамдардың бiрiнбiрi түсiнуi.
Коммуникативтiк процесте, бiрiншiден, ақпарат бiр жақты бiреуден бiреуге жеткiзiлiп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бiр адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екiншiсi жауап хабар алуға бағытталған әрекетi үздiксiз жүрiп жатады. Егер осы ақпарат тiлдесу барысында түсiнiмдi қабылданса ғана, тiлдескен адамдар үшiн өз мәндiлiгiне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет