1. Аскарида. Құрылысы Аскарида. Тіршілік циклы



бет1/2
Дата24.11.2022
өлшемі16,5 Kb.
#52479
түріСабақ
  1   2

11-ші сабақ
1.Аскарида. Құрылысы
2.Аскарида. Тіршілік циклы
3.Асқаридоз. Жұқтыру жолдары, ағзадағы оқшаулау, аурудың патогенезі, клиникасы
4.Асқаридоз. Зертханалық диагностика, алдын алу, емдеу
5.Қылдырықбас (Власоглав). Құрылысы.
6.Қылдырықбас (Власоглав). Өмірлік цикл.
7.Қылдырықбас (Власоглав). Патологиялық жай-күйлер. Жұқтыру жолдары, ағзадағы оқшаулау, аурулардың патогенезі, клиникасы
8.Қылдырықбас (Власоглав). Зертханалық диагностика, алдын алу, емдеу
9.Үшкір құрттар. Құрылысы.
10.Үшкір құрттар. Өмірлік цикл.
11.Үшкір құрттар.Патологиялық жай-күйлер. Жұқтыру жолдары, ағзадағы оқшаулау, аурулардың патогенезі, клиникасы
12.Үшкір құрттар.Зертханалық диагностика, алдын алу, емдеу
13.Филярия. Құрылысы.
14. Филярия. Өмірлік цикл.
15. Филярия. Жұқтыру жолының патологиялық жағдайы, ағзадағы оқшаулануы, аурулардың патогенезі, клиникасы,
16.Филярия. Зертханалық диагностика, алдын алу, емдеу


Аскаридоз. Аскаридозды шақырушы ішек құрты (гельминт)— аскарида, 25-40 см. келетін ақ түсті жұмыр құрт. Олар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады. Бала жуылмаған жеміс-жидек жегенде, қолын жумай тамақ жегенде кір қолдары арқылы қайтадан ішекке өтеді. Ащы ішекте жұмыртқалардан личинка өсіп-өнеді де, қанға өтеді. Қан арқылы личинка жүрекке, одан әрі өкпе альвеолаларына жетеді. Өкпеден дем алысы кезінде ауа ағынымен ауыз куысына шығып, одан әрі қайталап ауыз куысы өңеш — асқазан — ұлтабар — ащы ішекке жетеді. Ащы ішекте личинкадан аскарида құртына айналып өсіп-өнеді. Осылай аскариданың өсіп-өну циклы айналып, кайталанып отырады. Бір циклдың үзақтығы 2 - 2,5 айға созылады. Аурудың клиникалық айқындалуы личинкалардың кай жерге өткенімен байланысты әртүрлі болады. Личинкалар қанға өткен кезінде балада, әлсіздік, жөтел пайда болып, тері кабатында аллергиялық бөртпелер анықталады. Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жүрегі айнып, іші ауырады, тәбеті төмендейді, салмағы кемиді, тез шаршағыш келеді, баланың жалпы жағдайы бүзылады.
Энтеробиоз. Энтеробиоз — ұзындығы 4-12 мм келетін, кішкентай жүмыр ақ құрттармен (острицалармен) шақырылатын гельминтоз түрі. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді. ұрғашылары түнге қарай анус қатпарларына шығып, сол жерде жұмырткалайды. Осы кезде баланың құйрығы катты қышиды да, бала қолымен қасыған кезде тырнақтарының астына жұмырткалары жиналып калады. Бала ертеңіне қолын жумастан тамақ ішкен жағдайда, жұмыртқалар қайтадан ішке өтіп, өзіне-өзі қайта жұқтырады — аутоинвазия. Құрттар ішекте өмір сүрген кезде баланың тәбеті төмендейді, іші ауық-ауық бүріп ауырады, салмағы төмендейді. Емдеу: Ішек құрттарына әсер ететін препараттар: пиперазин, декарис, комбантрин, пирантел, вермокс, гельминтокс, бильтрицид, зентел, аллергияны төмендететін антигистаминді дәрілер тағайындалады. Оттегімен емдеу жүргізіледі: асқазанға зонд арқылы өте жай 100-150 мл/жасына оттегі жіберіледі. Энтеробиозда түнге қарай тазалағыш клизма немесе сарымсақтың сөлін (чеснок) қоскан сумен клизма жасау қолданылады. Халық емінен асқабақтың дәнін жегізуді пайдалануға болады. Ол үшін ашқарынға асқабақтың дәнін майдалап, әселмен қосып береді де, кешке тазалағыш клизма жасалады.
Гименолепидоз. Бұл гельминтоз түрі қортық цепень (карликовый цепень) деп аталатын ішек құртымен шакырылады. Құрттың үлкендігі, аты айтып түрғандай өте кішкентай 0,7-3 мм, жұмыртқалары да өте майда болады. Аурудың жұғу жолдары басқалардағыдай, ішек құрты ащы ішекте өмір сүреді. Клиникалық белгілері барлық уақытта анық білінбейді. Бала мазасыз, басы ауырады, ішіде ауырып, тәбеті төмендейді, жүрегі айнып құсуы мүмкін. Емі: фенасал, асқабақтың дәні.
Трихинеллез. Спираль тәрізді ішек құрттары — трихинеллалармен шақырылатын гельминтоз түрі. Жұғу жолдары — ауру малдың еті арқылы. Бұл құрттардың личинкалары ішектен бүлшық еттерге өтіп, сол енген жерде спираль тәрізді оралып жатады. Сыртында калың қабықша (капсула) пайда болып, ұзақ уақыт сақталады. Клиника. Личинка енген жерлердегі бұлшық еттердің қозғалғанда, ұстап көргенде қатты ауырсынуы байқалады, баланың беті ісініп, температурасы көтеріледі. Қанда эозинофилия анықталады. Емі: вермокс тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет