Трихоцефалез— власоглав деп аталатын ішек кұртымен шақырылатын гельминтоз түрі. Бұл құрттардың үлкендігі 3-5,5 см, бас жағында шашқа ұқсас түгі болады. Власоглав соқыр ішекте өмір сүреді, сол жерге жұмыртқа салады. Клиникасы соқыр ішек ауруының клиникасына ұқсас: субфебрильді температура, жүрегі айнып құсады, іші кебеді немесе іш қату болады, бала мазасыз, ұйқысы бүзылады. Емі: нафтамон, вермокс, тік ішекке оттегін жіберу.
Филяриидоздар - қоздырғыштары трансмиссивтік механизммен берілетін,бірте-бірте дамумен және созылмалы ұзақ өтумен сипатталатын тропикалық биогельминтоздардың үлкен тобы.Аурудың жіті сатысында токсикалық- аллергиялық реакциялармен ,ал созылмалысында – паразиттің түрі мен оның организмде орналасуына қарай әртүрлі клиникалық симптомдармен және көріністермен сипатталады. Қоздырғышы Filariidae(filum лат. – жіп.) – нематодтар класы . Туыстастығына жататын әртүрлі гельминттер,ақ жіп тәріздес паразиттер, ұзындығы 20-100мм, микрофилярийлер – 180-280 мкм. Инфекция көзі: ауру адам немесе паразит тасымалдаушы. Жұғу факторлары: микрофиляриймен инвазияланған адам қаны. Берілу жолдары: Тасымалдаушы шағу арқылы іске асатын трансмиссивтік ауру. Филярийдоздардың таралуы негізінен тропикалық және субтропикалық елдерге байланысты болады.
Гельминтоздарға диагноз қою. Гельминтоздарға диагноз қою үшін және бір-бірінен ажырату үшін анамнез, клиникалық белгілеріне сүйене отырып келесі лабораториялық тексерістер жүргізіледі: нәжісті ішек құрттарына тексеріске алу (кал на яйца глист), анус қатпарларынан сүртінді алу (ішек құрттарының, острицалардың, жұмырткаларын анықтау үшін), ұлтабарды зондтау (лямблияларды анықтауға болады).
Профилактикасы.
1. Баланың жеке басының гигиенасын қатаң сақгау.
2. Шыбындармен күрес жүргізу.
3. Көкөніс, жеміс-жидектерді міндетті түрде жуып жеу.
4. Малдың еті мен сүтін жақсы пісіріп қолдану.
5. Тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балалар мекемелеріндегі қызметкерлерді жүйелі түрде гельминтоздарға тексеріп тұру.