26. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері туралы И.П.Павловтың ілімі. Типтерді сипаттау.
И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісін енгізіп, жоғары жүйке іс-әрекеті туралы осы заманғы ілімнің іргетасын қалады. Оның зерттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: себеп-тесттік, анализ және синтез, құрылымдық қағидаларын жасады. П.К.Анохиннің айтуы бойынша, И.П.Павловтың ілімі:
И.П.Павловтың айтуынша түрліше темпераменттер қозу және тежелу үрдісінің даралық айнымалы күші, олардың ширақтығы мен теңдесуі (кейінірек төртінші динамикалық қасиет табылды) іспетті қасиеттерінен тұрады. Осындай ең басты типологиялық белгілердің арақатынасына сәйкес ол жануарлардың жоғары жүйке қызметінің негізгі төрт түрін бөледі. И.П.Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі төрт түрінен басқа жеке адамға тән көркемпаз, ойшыл, аралық типтері болады. Көркемпаз типті адамда, екіншілік сигналды жүйеге қарағанда бірінші сигналдық жүйе жақсырақ дамыған. Олар болмысты тұтас қабылдайды, ақиқат болмыстың сезімдік бейнелерін кеңінен пайдаланады. Ойшыл типті адамда екінші сигналдық жүйесі басымырақ. Көрнекті талдау-синтездеу әрекетке негізделген, болмыстан тыс дерексіз ойлау қабілеттерімен білінеді. Аралық тип болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Дарынды тип екі сигналдардың бірдей басымдылығымен сипатталады. Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ жасады: