1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет12/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

4) ФункцияЖасуша тіндерді, тіндер мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін,
мүшелер жүйесі организмді құрап, оның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
5) Организмде орналасуы: барлық ағзада

1) Тін: Митохондрияның ультрамикроскопиялық құрылысы.
1 – сыртқы митохондриялық мембрана; 2 – ішкі митохондриялық мембрана;
3 - митохондриальді айдаршықтар (кристалар).
2) Бояу әдісі: схема
3) Құрылыс ерекшелігі:Электрондық микроскоп арқылы зерттеген
жағдайда, митохондрияның қабырғасы, арасында мембранааралық кеңістігі
бар екі- сыртқы және ішкі мембраналардан тұратындығы көрінеді.
Қабырғасының ішкі жағындағы митохондрия қуысы біркелкі ұсақ түйіршікті
сұйық зат- матрикске толы. Митохондрияның сыртқы мембранасы арқылы
гиалоплазмадан мембранааралық кеңістікте көптеген ұсақ және ірі
молекулалар өтіп отырады. Ол үшін мұндағы орналасқан белок
молекулалары кең гидрофилді каналдарды және сәйкес заттармен
байланысатын мембраналық рецепторларды қалыптастырады.
Митохондрияның ішкі мембранасы матрикске қарай қыртыстаркристалар
құрайды. Кристалардың бетінде ,пішіні саңырауқұлақтарға ұқсаған- дөңгелек
келген басы және қысқа аяқшаларынан тұратын элементарлы түйіршіктер
орналасады. Митохондриялық матрикс- митохондрия қуысын толтыратын,
жүзден астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ түйіршікті, ортасында
ДНҚ молекуласының жіпшелері бар сұйық зат.
4) Функция: органикалық заттарды және АДФ-ты фосфорландыру
нәтежесінде АТФ молекуласын синтездеу.
5) Организмде орналасуы: цитоплазмада





1) Тін: Жасушаішілік торлы аппараттың (Гольджи кешені) ультрақұрылысы.
1 – гамма-цитомембрана; 2 – вакуольдер
2) Бояу әдісі: схема
3) Құрылыс ерекшелігі: Жарық микроскобы арқылы зерттегенде, Гольджи
комплексі, әдетте ядроның жанында орналасқан қоңыр түсті тор, кейде
қабықшақтар, таяқшалар немесе түйіршіктердің жиынтығы түрде көрінеді.
Негізгі құрылымдық элементтері жалпақша келген мембраналық қапшалар -
цистерналардан және оларды қоршаған, ұсақ транспорттық көбікшелер мен
ірі вакуольдерден тұрады.
4) Функция: Жасушаның секрециялық кезеңінде жетілуі, конденсациясы,
өнімдерді жинақтауы, секреторлық көбікшелердің, сонымен қатар
лизосомалардың түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет