1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


Атауы: Адам аналық жыныс жасушасы. Бояуы



бет56/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

Атауы: Адам аналық жыныс жасушасы.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400
Гематоксилин - негіздік бояу болып табылады. Боялу қабілеті – базофилия деп
аталады. Препарат бойынша гематоксилин ядроларды күлгін түске бояйды және
олар - базофильді құрылымдар болып саналады. Ал, эозин - қышқылдық бояу
болып саналады. Боялу қабілетін оксифилия деп атайды. Эозин – цитоплазманың



құрамдас бөліктерін, эритроциттердің құрылымдарын және сілтілі ақуыздарын


қызғылт немесе қызыл түстес реңдерге бояйды және олар - ацидофильді немесе
оксифильді деп аталады.
Құрылысы: 
1- овоцит орналасқан төмпешік;
2- аналық жыныс жасушасын қоршап жатқан фолликулярлы эпителий;
3- аналық жыныс жасушаның жылтыр қабығы;
4- сәулелі тәж;
5- саруыз қосындылары;
6- ядрошығы бар ядро.


Қызметі:

Ұрықтану

Ұрық дамуының алғашқы сатыларын қамтамасыз ету
Орналасуы: Адамның аналық жыныс безіндегі аналық жыныс жасушасында
Анықтама: 
Аналық жыныс жасушасы немесе овоциттер, сперматозоидтарға қарағанда
аз мөлшерде пісіп жетіледі. Әйелдерде жыныстық цикл (24-28 тәулік)
барысында бір аналық жыныс жасушасы пісіп жетіледі. Сондықтан да, бала
туушылық кезеңі аралығында шамамен 400-ге жуық аналық жыныс
жасушасы пайда болады.
Аналық жыныс безден овоциттің шығуы овуляция деп аталады. Аналық
жыныс безден шыққан овоцит фолликулярлы жасушалармен қоршалады,
олардың саны 3-4 мыңға жетеді. Овоцитті жатыр түтігінің шашағы іліп алады
да, жатыр түтігі бойымен жылжытады. Осы жерде жыныс жасушаның пісіп
жетілуі аяқталады





Атауы: Бақаның аналық жыныс беззіндегі аналық жыныс жасушасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет