1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
ГИСТОЛОГИЯ ПРЕПАРАТТАР 1 CЕМ толық

клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды 
1.Эритроциттер, немесе қанның қызыл түйіршіктері, адамдарда және 
сүтқоректілерде қанның пішіндік элементтердің ішінде басым болып келеді. Олар 
фило- және онтогенез барысында ядродан және бірқатар органеллалардан 
айырылған (постжасушалық құрылымдар). Эритроциттер бӛлінуге қабілеттілігі жоқ
жоғары мамандандырылған құрылымдар болып табылады.


Негізгі функциясы – тынысалу – О2 мен СО2 тасмалдау. Бұл тынысалу пигменті 
гемоглобин (күрделі ақуыз +Fe)- арқылы жүзеге асады. Оған қоса эритроциттер 
аминқышқылдарды, антиденелерді, дәрілік заттарды, токсиндерді плазмолемма 
беткейіне адсорбциялайды. Тіршілік мерзімі – 120 тәулік. Саны: Муж 4,0-5,1х1012/л 
Жен 3,7-4,7х1012/л 
2.Лимфоцит. Жалпы лейкоциттер санының 19-37 % құрайды. Олардың арасында 
кіші лимфоциттер (d=4,5-6 мкм), орташа (d=7-10 мкм) және ірі (d≤10 мкм). Ірі 
лимфоциттер тек жана туған нәрестелерде ғана кездеседі. Цитоплазмасында жақсы 
боялған, пішіні домалақ немесе бұршақ тәрізді ядросы болады, оның құрамында 
тығыз гетерохроматині бар, және жіңішке жиек тәрізді базофильді цитоплазмасы 
айқындалады. Кейбір лимфоциттердің цитоплазмасында аз мӛлшерде азурофильді 
гранулдар (лизосомалар) бар.Барлық лимфоциттердің ішінде кіші лимфоциттер 
басым болып келеді (85-90 %) құрайды. Гетерохроматин ядра шетінде орналасады. 
Цитоплазмасында кӛпіршіктер, лизосомалар, бос рибосомалар, полисомалар, 
митохондриялар, Гольджи жиынтығы, центриольдер, түйіршікті ЭПТ ның аздаған 
элементтері кездеседі. Кіші лимфоциттер ашық және күңгірт болып жіктеледі. Кіші 
күңгірт лимфоциттер ашықтарға қарағанда ұсағырақ, ядросы тығыздау болып 
келеді. Лимфоциттер жіктеледі: В-лимфоциттер, Тлимфоциттер және нӛльдік 
лимфоциттер. В-лимфоциттер (30%) алғаш рет құстардың фабрициус дорбасынан 
(bursa Fabricius) анықталған, сәйкесінше атауға ие болды. Олар адам эибрионында 
бағаналы жасушалардан түзіледі – бауыр мен сүйек кемігінде, ал ересек адамдарда – 
сүйек кемігінде пайда болады. Олардың басты функциясы -антидене түзуге қатысу , 
яғни гуморальді иммунитет қалыптастыру. Т-лимфоциттер, немесе тимустәуелді 
лимфоциттер (70%), сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан пайда болады, ал 
пісіп жетілуі тимуста жүреді, сәйкесінше атауға ие болды. Т-жасушалардың В-
лимфоциттерден ерекшелігі плазмолеммасында иммуноглобулин рецепторлары 
аздау болып келеді. Әйтседе Т-жасушаларда антигенді танитын және байланысатын 
спецификалық рецепторлары бар, сол себепті иммундық реакцияларға қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет