1) Тін: Тілдегі көлденең жолақ қаңқа бұлшықет талшықтары.
1-көлденең жолақты бұлшықет
талшықтарының бойлық кесіндісі; 2-
көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының көлденең кесіндісі; 3-
борпылдақ талшықты дәнекер тіні (эндомизий); 4 -қан тамырлары ; 5 -май
жасушалары (адипоциттер).
2) Бояу әдісі: Темірлі гематоксилин. х400
3) Тіндер құрылысы боялуының толық түсінігі: Темірлі гематоксилин
негіздік бояуға жатады Препаратты көк , күлгін көк түске бояйды
4) Құрылыс ерекшелігі: Бұлшықет талшықтары-ұзындығы 20-30 см-ге
дейін, қалыңдығы 100 мкм жетеді. Құрамы
симпласттар мен
миосателлитоциттерден (камбийден) тұрады. Симпласт сарколеммамен
жабылған және бірнеше мыңдаған ядродан тұрады. Сарколемма қалың
базальды мембранадан және бұлшықет талшығының плазмолеммасынан
тұрады. Базальды мембрана мен плазмолемма
арасында миосателлитоциттер
орналасқан. Саркоплазмада митохондриялар, лизосомалар бар, тегіс
эндоплазмалық тор дамыған. Гликоген, липидтер және
миоглобин
қосындылары энергия үшін қолданылады. Миоглобин - құрамында
эритроциттер гемоглобиніне ұқсас темір бар пигмент. Ол тотығу фосфорлану
процестеріне және АТФ түзілуіне ықпал ететін оттегін байланыстыра алады.
Арнайы органеллалар миофибрилалар. Электрондық микросокп арқылы
миофибрилдердің көлденең сызылымы ашық және күңгірт жолақтардың
жүйелі алмасуы түрде көрінеді. Күңгірт жолақтар жарық
сәулесін екі есе
сындыру қабылеттігімен сипатталады, сондықтан оларды-анизатропты
Адискілер, ашық дискілер-изотропты І-дискілер деп аталады. І-дискілердің
ортасында екі жартыға бөлетін күңгірт Z-сызық(телофрагма) орналасқан. А-
дисктің ортасында Н-сызық, ал оларды екіге бөлетін М-сызық(мезофрагма)
орналасқан. Миофибриллалардың арасындағы 2 көршілес сызықтар саркомер
деп аталады, саркомер-миофибриллалардың құрылымдық және
функционалды бірлігі. Оның құрамы: Z-сызық + 1/2 I дискі+ А дискі + 1/2 I
дискі + екінші Z-сызық. Саркомер актин және миозин жіпшелерінен тұрады.
Миофиламенттер әртүрлі ақуыздардан түзілген: актин, тропонин және
тропомиозин.
Достарыңызбен бөлісу: