1 Аударма үдерісі жайында


Ақпараттың жалпы дереккөздері –



бет20/20
Дата14.03.2023
өлшемі69,62 Kb.
#74052
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 Аударма дерісі жайында

Ақпараттың жалпы дереккөздері – бұл жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар.
Ақпараттың арнайы дереккөздеріне – арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.


Аудармашыға қойылатын талаптар


Аудармашының тілдік тұлғасын төмендегі жайттар қалыптас- тырады: а) тұлғаның әлеуметтік мінездемесі; ә) ішкі тұлғалық қасиеттер; б) филиологиялық білімі, білігі, дағдысы; в) түпнұсқа авторы мен аудармашы тұлғаларының үйлесуі (жақындығы немесе ұқсамайтындығы) (Т.Никитченко). Аудармашы осы қасиет- тері арқылы шығармашығын танытып, өзі аударған мәтінде өз қолтаңбасын қалдырады.


Аударма жасау кезінде практик аудармашының және осы процесті сипаттауда («моделировании») аударма теоретигінің алдында тұратын ең маңызды міндеттердің бірі шығыс тілдегі аударылуға жататын ең аз бірлікті (мұны аударма бірлігі деп те атайды) іздеп табу болып табылады [1, 174-б.]
Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы болуы тиіс (В.Н.Комиссаров).
Дж.Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды:
1) аудармашы ақын болуы тиіс;
2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;
3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;
4) өз дарынын түпнұсқа авторының дарынымен үйлестіруі керек;
5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;
6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын сақтауы керек;
7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек;
8) авторды қазіргі ағылшынның сөйлеуіне орай сөйлетуге «мәжбүрлеу»;
9) түпнұсқаның «рухын» жоғалтып алмау үшін оның (түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;
10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау [4, 11-б.]
Ал біз ғалымдар мен практиктердің аудармашы қойылатын талаптарын қорыта келе, оларды төмендегіше жинақтауды жөн көрдік:
1. Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология, синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке ие болуы тиіс.
2. Сондай-ақ негізгі екі міндетті: аударылатын тіл мазмұнын дұрыс түсінуімен және аударма тілінің құралдарымен сол мазмұнды дәл және толық сәйкестікте жеткізуден тұрады. Бұл талаптар мына жағдайда орындалады:

  1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;

  2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;

  3. аударма теориясының негізін білу;

  4. аударма техникасын меңгеру (сөздіктер мен анықтамалық материалдарды пайдалана білу қабілеті, аударма дағдылары мен ережелерін игеру);

  5. аударма кезінде әдеби тілдің барлық байлығын кеңінен пайдалану;

  6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;

  7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың кез келген түріне жол берілмейді;

  8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі мен тұрмысының нақты жағдайларын білуі тиіс.

  9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.

  10. Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін талдай білу.

  11. Аударма кезінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін, ұлттық тіліміздің байлығын пайдалана білу.

  12. Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын іштей дұрыс жеткізу үшін шығармашылық қабілеті болу.

  13. Аудармашы әркез жекелеген сөздерді (бұл сөзбе-сөздік), немесе жекелеген құрылымдарды (бұл калька жасау) жеткізіп қоймауы қажет, автор ойларын, оның барлық қыр-сырларымен бере білуі керек.

  14. Аудармашы сөйлемдегі түйінді, негізгі ойды түсініп, аңғарып, біліп, сондай-ақ ең бастысы өзінің ана тілінің құрал- дарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс. Аудармашы әрбір сөйлемдегі ойдың орталық элементін бөліп, ажыратып, анықтап ала білуі тиіс.

  15. Логикалық екпінді дұрыс жеткізуде түпнұсқа құрылы- мының жекелеген элементтеріне немқұрайлы қарамауы керек. Аудармашы соған сәйкесетін ұғымдағы дәл сөзді дұрыс таңдай білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай білуі әрі оларды дұрыс қолдануы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет