1. Қаз тар тарихнама пәні және тарихи пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі170,92 Kb.
#14254
1   2   3   4
Байланысты:
Тарихнама дәріс

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихнамасы1916 жылғы жазда қазақ даласында патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтеріліс патша өкіметінің отарлау саясатының табиғи нәтижесі болатын. 25 маусымдағы майданның қара жұмысына жұмысшы алу туралы патша жарлығы көтеріліс отының тұтануына негізгі себеп болатын. 1916 жылғы көтеріліс Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп-жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Өкімет билігі мен басқарудың дәстүрлі институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұйымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі бізге ұлт-азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді.Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс осы ұлан-ғайыр өлкені мекендеуші халықтар өміріндегі асулы кезең болды. Қозғалыстың жаппай бұқаралық сипат алуы, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтуы, қозғалыс барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілуі және жергілікті халық мүдделерінің ортақтығы елде революциялық дағдарыстың онан әрі өрлеуіне, халық бұқарасының патша өкіметін қыспаққа алуын күшейтуге әкеліп соқты. Кезінде кеңес тарихнамасында 1916 жылғы қозғалыстың мақсаттары, сипаты және қозғаушы күштері туралы белгілі бір көзқарасы қалыптасқан болатын. Бірақ ұзақ жылдар бойы осы аса бір ірі оқиғаны зерттеу «БК(б)П тарихының қысқаша курсы» мен тоқырау кезеңдерінің дәстүрлері схемалары рухында жүргізіліп келді. Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс туралы көп жазылды. Мәселені ең алғаш зерттеудің әу басында тарихшылардың аға буын өкілдері С.Аспендияров, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Б.Алманов, жазушы Ж.Аймауытовтар тұрды. Сонымен қатар бәрі де сол жылдардағы оқиғаларды көзімен көрген,ал кейбірі көтерліске тікелей қатынасқан адамдар еді. Бірақ олардың бәрі де тоталитаризмнің құрбандығына ұшырап, еңбектері ұзақ жылдар бойы тарихнамаға енбей, атаусыз қалды. Санжар Аспендияровтың 1998 жылы жарық көрген «История Казахстана» кітабында жарияланған «Восстание 1916 года» атты тарауы аталмыш ұлт-азаттық қозғалыс тарихына арналған. Бұл еңбекте автор көтерілістің саяси маңыздылығына тоқталып өткен. Қазақ зиялылар қауымының көтеріліске көзқарасын анық сипаттап берген. Еңбекте қазақ зилыларының көтеріліске қарсы болғандығын және бұл ретте дәлел ретінде автор Мұхамеджан Тынышпаев, Бахытжан Қаратаев пен Жәнші Сейдалиннің Мемлекеттік Думаның төрағасы Родзянкоға куәгерліктерінен тұратын екі құжатқа негіздейді. Осы екі құжат негізінде С.Аспендияров ұлт зиялыларының ұстанған позициясы – қорқақтық, сатқындық позиция деп айыптайды. Манаш Қозыбаевтың 1994 жылы жарық көрген «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегінде « ...осы уақытқа дейін көтеріліс кезінде орыстың демократиялық интелегенция өкілдерінің жазған плакаттары мен листовкалары, публицистикалық памфлеттері, очерктері мен мақалалары зерттеусіз қалып келеді,»- деп атап өткен. Расында, кезінде Қазақстанның солтүстігінде социал-демократиялық ой-пікірді таратушылардың бірі С.Ужгин шығараған листовканың мазмұны бүгінде белгілі болып отыр. Сол сияқты «Омский вестник» газетінің тілшісі, жазушы Антон Сорокиннің жазған бір топ очерктері де зерттеушілер назарынан тыс қалып отыр. Кейіннен жазушы сол очерктерін «Киргизское восстание 1916 году» деген айдармен «Напевы ветра» атты кітабының қолжазбасына қосқан болатын. Бірақ жазушының бұл кітабы ол кезде жарияланбай қалды. Осы орайда Антон Сорокиннің атаман Дутовтың, Анненков жасағының қазақ сахарасындағы асқан жауыздық әрекеттері туралы жазылған «Садуақас» және «Жәменей әні» еңбектерінің деректік маңызы зор. Өз сөзінде ол: «Торғай даласы кең жазира. Казак отрядтары түйе терісіне жабысқан тікенек сияқты, ал өлгендер биік шөп арасынан көрінбейді, сахара жасырып қалады. Өліктер маңында тек қасқырлар ғана қырқысып, қара құзғындар қарқылап ұшып жүр»,- дей келе қазақ халқының сол кезеңдегі ауыр жағдайын сипаттап берген. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы айта отырып оның өзіндік ерекшеліктерін атап кетпей болмас. М.Қозыбаев өз еңбегінде қозғалыстың 4 ерекшелігін көрсеткен. «Біріншіден, азаттық қозғалыс бүкіл халықтық бағыталды. Отаршылдық зорлығы, тағы басқа қайшылықтар аңдалмай да қалды. Екіншіден, тұтас аймақ қаруланған халықтан тұрды. Хан Кенеден кейін ұзақ жылдардан кейін «қаруланған халықты» «территориялық» әскери ұйым, ата-бабадан қалған әскериөнер қайтадан жаңғыртты. От жалын Ұлы Даланы ғана емес, Орта азияны шарпыды. Халық жазалаушы қосынмен сөзге келмеді, сатқындықты кешірмеді. Қанға қан, жанға жан деп жекпе-жекке біртұтас организм болып қарсы тұрды. Үшіншіден, Қазақстан мен Қырғыз сахарасының кейбір аудандары болмаса күрес тек орысқа емес, қара шекпенді шаруаға емес, империяға қарсы бүкіл халықтық бағыт алды. Ал кейбір ұлтаралық наразылықтардың ұйымдастырушысы империяның өзі, оның оарлық аппараты еді. Ал демократиялық Ресейдің пейілі көтерілісші халық жағында екенін Антон Сорокин көрсетіп берген жоқ па?!Төртіншіден, тарихтың сол бір алмағайып кезінде халық қарулы күш қана ұйымдастырып қоймады, ел басқару оргадарын құрды, құқықтық нормаларды белгіледі. Салық жинау жүйесін жасады, елбегі, хан, хан кеңесі, қазылар алқасы, сардарбек тағайындалды. Жетісуда қазақтар қырғыз, өзбек, ұйғырлармен бірікті, ел арасында елшіліктер жүрді. Басқаша айтқанда мемлекеттік негіздер құрылды». 1947 жылы Б.С.Сүлейменовтың редакциясымен жарық көрген «Восстание 1916 года в Казахстане» еңбегінде көтеріліске негіз болған алғышарттарға тоқталып өткен. Ұлттық интелегенция мен демократиялық интеллигенцияның ролін, патша жарлығына көзқарасын айқындаған. Ұлттық интелегенция патшалыққа көмек көрсету мақсатын көздесе, ал демократияшыл интеллигенция өкілдері қарсы шығады. Автор демократияшыл интеллигенцияның өкілі Тоқаш Бокиннің империяға қарсы ашық күресін атап кеткен. Ол қазақ ауылдарын аралап, халықты бұйрықты орындамауға шақырады. Аталмыш ұлттық интелегенцияның соғысып жатқан державаға көмектесу идеясын халық бұқарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Осы орайда Тұрар Рысқұловтың «Восстание казахов и киргиз в 1916 году» еңбегінде: «қазақтардың бұл ұлттық-либерал зиялылары... кадеттер сияқты, сол кезде өмір сүрген құрылыс пен патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілігіне қарсы болды, бірақ Ресейдің буржуазиялық-демократиялық партияларымен ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұл зиялылар қазақтардың көтерілісін мезгілінен бұрын жасалған керексіз көтеріліс деп сипаттап, барлық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен жөнге келтіруге болар еді»,-деп ұлт зиялыларының негізгі позициясын анықтаған. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж,.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев сынды қайраткерлер болды. Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отаршылдыққа және империализмге қарсы бағытта болды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-феодалдық және әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XIX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды. 38. Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы. / А.К. Бочагов, Н.И. Мартыненко, С.Х. Брайнин, Ш.Я. Шафирго, Г.И. Сафаров. К.Н. Нұрпейіс, Д.Б. Аманжолова. М.К. Қойгелдиев, К.Л. Есмағамбетов, Е. Озғанбай. т.б.Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жылдар соңы мен 90-жылдардың бас кезіне саяды. Бұл ретте төмендегі жағдайларға көңіл аудару қажет: аталмыш кезеңде хронологиялық жағынан осы дәуірге жататын сапалық екі уақыт межесін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі (1991 жылға дейінгі) — дәстүрлі маркстік-лениндік әдіснамаға тән тұғырнамалық және теориялық қағидалармен сипатталады. Объективті жаңа көзқарастар кеңістігіне шығуға деген ықылас пен талпыныстың өрлеуіне қарамастан, Алаш тарихын бағалауда, тұтастай алғанда, тарихнаманың әдіснамалық сапасында оң өзгеріс байқалған жоқ. 1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары . жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Орыс ғалымы Н. Мартыненко құрастырған «Алашорда»атты кітапта 1913 жылы маусымның 2-күні генерал-майор Бабичтің Орынбор жандармына жолдаған құпия мәліметі берілген. Онда қырғыздар (қазақтар) арасында жалпықазақ сиезін өткізу туралы сөз тарап жүргені, ол идеяның авторы Троицк қаласында тұратын Жанша Сейдалин екені жазылған. Сонымен бірге «Сейдалин сиез өткізу үшін үкіметтен рұқсат сұрамақшы, осы жылдың тамыз немесе қыркүйек айларында Орынборда өтеді, сиезге заңгер Райымжан Мәрсеков пен Бақытжан Қаратаев  қатысатыны белгілі және олар Барлыбек Сыртановты шақырмақшы» деп жазады. Сиезде келімсектерден қазақ жерін қайтарып алу, Мемлекеттік Думада қазақтан депутат болуы және дін мәселелері қаралатындығын да жазады. Сол жылы 11 маусымда Орынборға жазган Ротмистр-Астраханцевтің құпия мәліметінде жалпықазақ сиезін ашу мәселесі туралы үгіт қазақ арасына түгел тарағаны, сиездің ашылатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері көрсетілген. Бір қызығы, онда да сиез ашу туралы идеяның Жанша Сейдалиннен шыққандығы жазылады. Соңында сиезге қатысатын Ж.Сейдалин, Р.Мәрсеков, Б.Қаратаевтар туралы мәлімет беруін өтінеді. Бірінші жалпықазақ сиезінде қазақ облыстарынан құрылтай жиналысына сайланатын депутаттардың тізімі жасалады, сол тізімде Ж.Сейдалин де болады.

20-жылдардағы жарияланымдарда XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша объективті тенденциялар байқалды. А. Байтұрсыновтың, А. Кенжиннің, Г. Сафаровтың, Т. Рысқұловтың және басқа да бірқатар авторлардың жұмыстарында, ұлт-азаттық қозғалысты нақты-тарихи көзқарасқа негіздей зерттеушілік, 1917 жылға дейінгі қазақ зиялыларының объективті рөлінқн жеке ерекшеліктерді ескере отырып түсіндіру басты орын алды. Басқарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20 -жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың басында тарихи зерттеулер үшін беті ұрысты кезең туды. «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес — Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. Осы кезде, 30-жылдардың басына дейін, Алаш қозғалысының Ақпан төңкерісіне дейінгі «объективті-революциялық рөлі» және «оның кейінгі контрреволюциялық қайта жанғыруы». туралы тезис басты қағида болып қабылданды. А.К. Бочаговтың, Е. Федоровтың, П. Галузоның және басқалардың жұмыстарындағы, сондай-ақ «Алаш-Орда» құжаттар жинағындағы. Алаш һәм Алашорда тарихы дәл осы үрдісте талданды.

1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контрреволюциялық мәнін ашып көрсету және оның қазақ халқының тарихындағы жиренішті, жексұрын рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. «Алаштың революцияға дейінгі кезеңдегі объективті-революциялық рөлі» туралы қағиданы толығымен теріске шығару проблеманы зерттеу әдіснамасындағы айқындаушы көзқарас етіп алынды. 1935 жылы С. Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген жұмысының жариялануы өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын көрсетуде таптық әдіснаманың түбегейлі орныққанына куәлік етті.

Объективті және субъективті себептерге (80-жылдар ортасында басталған қайта құру барысынын қарама-қайшылықтығы, қоғамдық өмірді демократияландыру мен және Кеңес кезеңіндегі тарихты бағалауға қатысты көзқарастардың өзгеруімен жалғасқан кеңестік саяси өмірді реформалау) байланысты 80-жылдары, тұтастай алғанда біздің тарихымыздың Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірін, оның ішінде Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихының проблемаларын да зерттеуге және оқып үйренуге деген ынта-ықылас шұғыл төмендеп кетті. 80-жылдары «Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбымен жарияланған аз ғана басылымдардың бірі К. Нұрпейісовтің монографиясы болып табылады, онда автор Қазақстандағы қосөкіметтіктің ерекшеліктері, Қазақстандағы Кеңестердің көтеріліс органдарына айналуының қарама-қайшы үрдісіндегі жалпы (бүкілресейлік) мен жекенің (қазақстандық) арақатысы, ал одан кейін мемлекеттік билік пен басқару органдарына айналуы мен олардың шаруашылық және мәдени құрылыстың бастапқы кезеңіндегі нақты қызметі секілді проблемалар көріністеріне неғүрлым терең талдау жасауға басты назар аударды. Автор, пікір айтушылардың атап өткеніндей, өлкенің облыстық және уездік кеңестері атқару комитеттерінінң құрылымына, оны жетілдіру бағытындағы жұмыстарға, негізгі бөлімдердің қызметтік міндеттеріне мұкият талдау жасады, атқарушы аппараттардың құрылымындағы жергілікті ерекшеліктерді бөліп карастырды, жаңа сот жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңдерін көрсетті.



Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.Аманжолованың «Қазақ автономизмі және Ресей» (алаш қозғалысынң тарихы) деген монографиясы мұнда автор алаш қозғалысы дамуының маңызды кезеңдерінің негізгі мазмұнын, оның саяси-идеялық, әлеуметтік базасын анықтауға, революцияға дейінгі кезеңде, 1917ж және азамат соғысы жағдайында Ресейдің саяси күштерімен және партияларымен өзара қатынастарын ашып беруге, алаш жеңілісінің себептерін және оның қазақ тарихындағы маңызын көрсетуге ойдағыдай әрекет жасаған. Зерттеудің басты жаңалығы-қазақ автономизмі, алашорданың Комучпен, Колчак әскерімен, Орынбор, Жетісу, Орал казактарының басшылығымен өзара қатынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі түрде көрсетуі болып табылады. Алаштың әскери доктринасын, алаш әскери бөлімдерінің құрылуын, олардың құрамын, алашорда басшылығының түркістан майданымен келіссөздерінің мазмұнын, азамат соғысы барысындағы бұқараның алашордаға көзқарасын автор тұңғыш рет ашып көрсеткен. К.Нұрпейісовтың «Алаш өәм Алашорда» кітабында алаш қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі Қаз-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгерістеріне, алаш партиясының құрылуына, алашорда мен кеңес үкіметінің өзара қатынастарына баса назар аударылады. Автор алаш дамуы тарихының негізгі проблемаларына: алаш қаз-дағы тұңғыш саяси партия; алаш автономиясы-болашақ мемлекеттіліктің құрылымы; алашорда-автономияны басқаратын мемлекет деп ерекше көңіл бөледі. Алаш қозғалысының шын мағынасын ашып көрсетуге жағдай жасайды. Кітапқа қосымшада алаш қозғалысына қатысты бірнеше құжаттар келтірілген. Бұлар: алаш партиясының мүшелерінің тізімі, партия бағдарламасының жобасы және алаш партиясының кеңес үкіметі жылдарындағы тағдыры туралы материалдар. Монографияда 20ғ.б. қаз-дағы тұңғыш саяси партия оның үкіметі қызметінің негізгі кезеңдері рет-ретімен, мұрағат құжаттары негізінде келтіріле отырып ашып көрсетіледі. М.Қойгелдиевтің монографиясында 19ғ.а.-20ғ.б. Қаз-ның тарихи дамына байланысты проблемалардың кең ауқымы қамтылған. Кітаптың басты мәселесі алаш қозғалысына арналған. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты, қазақ зиялыларының 1905-16жж.қоғамдық-саяси қызметі, ұлт зиялыларын қудалау саясаты, қазақ газеті, ақпан рев-ның жеңісі, қазақ демократияшыл зиялыларының уақытша үкімет жұмысына қатысуы, І-ІІ съездер, алаш партиясы, алашорда үкіметінің құрылуы жан-жақты көрсетіледі. Объективті және субъективті себептерге (80-жылдар ортасында басталған қайта құру барысынын қарама-қайшылықтығы, қоғамдық өмірді демократияландыру мен және Кеңес кезеңіндегі тарихты бағалауға қатысты көзқарастардың өзгеруімен жалғасқан кеңестік саяси өмірді реформалау) байланысты 80-жылдары, тұтастай алғанда біздің тарихымыздың Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірін, оның ішінде Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихының проблемаларын да зерттеуге және оқып үйренуге деген ынта-ықылас шұғыл төмендеп кетті. 80-жылдары «Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбымен жарияланған аз ғана басылымдардың бірі К. Нұрпейісовтің монографиясы болып табылады, онда автор Қазақстандағы қосөкіметтіктің ерекшеліктері, Қазақстандағы Кеңестердің көтеріліс органдарына айналуының қарама-қайшы үрдісіндегі жалпы (бүкілресейлік) мен жекенің (қазақстандық) арақатысы, ал одан кейін мемлекеттік билік пен басқару органдарына айналуы мен олардың шаруашылық және мәдени құрылыстың бастапқы кезеңіндегі нақты қызметі секілді проблемалар көріністеріне неғүрлым терең талдау жасауға басты назар аударды. Автор, пікір айтушылардың атап өткеніндей, өлкенің облыстық және уездік кеңестері атқару комитеттерінінң құрылымына, оны жетілдіру бағытындағы жұмыстарға, негізгі бөлімдердің қызметтік міндеттеріне мұкият талдау жасады, атқарушы аппараттардың құрылымындағы жергілікті ерекшеліктерді бөліп карастырды, жаңа сот жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңдерін көрсетті.

Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А. Аманжолованың «Қазахский автономизм и Россия: История движения Алаш» (М., 1994), К.Н. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), «Движение Алаш» құжаттар мен материалдар жинағы (А., 2004, 2005) және басқалар ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты.



Егемен Қазақстан жағдайында зерттеушілер кеңестік кезең тарихнамасының әр алуан проблемаларын үлкен ықыласпен қарастыруда. Бұл ретте Қазақстан туралы шетелдік зерттеулерге қатысты қорытынды жұмыстар жарық көрді, бұған мысал ретінде К.Л. Есмағамбетовтің, P.M. Таштемханованың зерттеулерін және басқа да жұмыстарды айтуға болады. Мәдениет тарихнамасының проблемалары P.M. Жұмашевтың, А.Т. Капаеваның зерттеулерінде көрініс тапты.

39.А.И.Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбегі « Описание киргиз – казачных или киргиз – кайсацких орд и степей » И.Левшиннің 1832 жылы жарияланған "Қырғыз-қазақ,яғни қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының суреттемесі"деген еңбегі қазақ халқының географиясы, тарихы мен этнографиясы жөніндегі алғашқы іргелі монографиялық зерттеу болып табылады. Кітаптың бірінші бөлігінде қазақ халқы өмірінің табиғи жағдайлары көрсетіліп, екінші бөлігінде ең ертедегі заманнан XVIII ғасырдың аяғына дейінгі қазақтар туралы тарихи мәліметтер жинақталған. Ерекше бағалы үшінші бөлімінде қазақтардың рулық-тайпалық құрылысы, тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, діни нанымдары, экономикалық және әлеуметтік -мәдени өмірінің көптеген жақтары туралы авторға тікелей өзбақылауы мен өзіне таныс жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің ақпараттары бойынша мәлім болған деректер берілген. Автор XVI-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихын "Қырғыз-қазақтардың негізі және олардың ресей бодандығына кіргенге дейінгі немесе 1730 жылға дейінгі жай-күйі туралы" деген тарауда баяндаған. Ертеректегі кезеңдер жүрдім-бардым айтылған және онша дәл емес бұған шығыс деректемелерін жеткілікті білмеуі әсер еткен. Келтірілген деректердің анықтығы XVII-XVIIIғасырларға жеткенде арта түседі. А.И. Левшин халықтың аталуы туралы өз пікірін келтірген, бұл- ғылымда қазақ халқы этногенезі проблемасының тұңғыш рет қойылуы. А.И. Левшиннің еңбегі оның замандастарынан жоғары баға алды. неғұрлым кейінгі зерттеушілер көптеген проблемалар жөнінен соның еңбегіне жүгінді. А.И.Левшиннің шығармасын жаңадан басып шығару 1996 жылы Алматыда жүзеге асырылды.



40. М.Тынышбаевтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге С.Асфендияровтың қазақстан тарихы ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі. С.Асфендияров «ежелгі дәуірден 1916 ж көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихы» еңб. Алматы. Санат. 1994-120 бет Бұл кітап Қазақстан тарихына арн тұңғыш оқу құралы ретінде 1935 ж жарық көрген. Алайда 1957 ж А.ң репрессияға ұшырауына байланысты еңбек оқырмандар қолына тимей қалды. Оқу құралында ерте заманнан бастап 1917 ж дейінгі қазақ елінің тарихи дерек мтериалдарымен және құжаттармен жан-жақты баяндалған. Онда қазақ атауының шығуы жөнінде, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы туралы кең мағлұмат берілген. Кітап студенттер мен мамандарға арналған. «Прошлое Қазахстана в источниках и материалах» еңбегі. Бұл 8 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде антикалық тарихшылардың орт Азияның көшпенділер жайлы материалдары қамтылған. Герадоттың, Страбоның, Марцилин т.б еңб үзінділер берілген. 2 бөлімінде Қазақстан жерін мекендеген халықтар жайлы қытай деректемелері көрсетіледі.3 бөлімінде 10-12 ғ қазақ жерін мекендеген халықтар жайлы араб деректемелерінде Масуди, Кардизи т.б еңбектерін бағалау жүргізіледі.4 Бөлімінде 15-17 ғ қазақ хандығы жайында. 6 бөлімінде 18 ғ қазақстан тарихы Рычков, Паллас еңб негңзге ала отырып жазылған. Қазақстанның шаруашылық, аңшылық, ерлер мен әйелдердің міндеттері, сауда және сауда жолдары, сауда орт, топтық жіктеліс, сот ісі мен салт санасы, іскери өнері т.б мәселелер сөз болады. Соңғы бөлімінде еңбекте кездесетін термин сөздердің сөздігі бар. Оған географиялық мекендер, жекелеген есімдер, қару-құралдар қатары да кіреді. Қорыта айтқанда бұл жинақ қазақтардың тарихын бейнелеп, өзге елдермен қарым қатынас материалдар негізінде жүйелеп көрсетілетін еңбек тарихи деректер арқ танып білгісі келетін оқырмандарға арн.Еңбек 3 бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ төңкерілісінен кейінгі Қазақстан тарихына қысқаша талдау жасалады. 1 бөлімінде Қазақстан тарихының ескі дәуірі деп аталады. 20-30 жылдарда арнайы Қазақстан тарихына арналған, соның ішінде ұлттық қазақ зиялыларының өкілдері жазған зерттеулер пайда болды. Бұлар А.П.Чулошниковтың, М.Тынышбаевтың, С.Ж.Асфендияровтың еңбектері. Неғұрлым ертеректегі кезеңде , XIX-XX ғасырлар шебінде қазақ халқы мен басқа түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеушілер арасында С.Бабажанов, М.Шорманов, Т.Сейдалин, А.Жантөрин, С.Нұрмұхамедов деген және асқа да қазақтардың есімдері мәлім болды. Олардың еңбектері тарихнамада өлкетану еңбектері ретінде бағаланды. Ақын әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының "Түріктердің, қырғыздардың қазақтардың және хан әулеттерінің шежіресі" деген шығармасын атап өту керек. Шежіре 1911 жылы Орынборда басып шығарылды. Бқұл қазақ халқының құрылу тарихын Әбілғазы, Н.А. Аристов, В.В.Радлов еңбектерінің негізінде ана тілінде жаңғыртуға ібден затты жасалған әрекет болатын. Жүздердің рулық-тайпалық құрамы, жекклеген рулардың шежіресі, олардың таңбалары, хан әулеттерінің генеологиясы баяндалған. 1925 жылы М.Тынышбаевтың "Қырғыз-қайсық халқының тарихы жөніндегі материалдар" деген еңбегі шығарылды, 1926 жылы "Қазақстанды зерттеу қоғамы" оның "17 және 18-ғасырлырдығы қырғыз-қайсақтар" деген еңбегін шығарды."Материалдарда" қазақ жүздерінің этникалық құрамы , қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ руларының таңбалары мен ұрандары берілген, әрбір тайпаның тарихын сипаттау үшін тарихи материал іріктеліп алынған. С.Ж.Асфендияров 20-жылдардың орта шенінде-ақ тарихпен айналысты, ғылымның ұйымдастырушысы болып, Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасу кезеңінде бірқатар ғылыми құрылымдарды басқарды. Ол-тарихтан алғашқы профессор-қазаө, Ғылы академиясының 1932 жылы наурыз айында құрылған Қазақстан базасы төрағасының орынбасары болды, оған дейін Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының тарих-археология секторын басқарды, кейініректе Абай ат. Қазақ пед. инс-ң ректоры болды. П.А.Кунтемен бірге С.Ж.Асфендияров Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі мәліметтері көне, шығыс және жылнама деректемелерінен алынған материалдар жинағын әзірлеп, 1935 жылы бастырылып шығарды. Жинақ қазақтардың тарихи өткен заманы туралы сол кездегі мәліметтерді толықтыра түсті, қазақтардың тарихын, мәдениеті мен тұрмысын, олардың көршілес халықтармен және мемлекеттермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын қайта қарауға негіз болды.Ғалым қазақтар тарихын суреттеп, бұл проблемаларды шешуге ұмтылыс жасады.

41. Қазақ тарихына қатысты 20 ғ бас кезіндегі ұлт зиялыларының зерттеулері. Қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: «XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері        А.Байтұрсынов,     Ә.Бөкейханов,     М.Дулатов,  М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды»Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея «Айқап» журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: «…пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері «Айқаптың» айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде  болды»XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті,  фәлсафасын   уағыздады.



42. Қазақ халқының тарихи санасын оятудағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің рөлі.

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды.«Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып  Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. «Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. «Айқап» журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты тоқталады. «Адам баласының тәлім-тәрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тәрбиелеуші – ана» деп, олардың үйдегі, семьядағы атқаратын рөлін өте жоғары бағалады. Журнал осы мәселені көтере отырып езілген қазақ әйелдері қатарынан жұмысқа тілшілер тартты. Тілеубайқызы Сахыпжамал (1911, №7, 11-12 бет) қазақтың ер балаларын оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатынын халық алдында әшкерелейді. Журналдың көп көңіл бөлген мәселерінің бірі -әдет-ғұрып, салт-сана мәселесі еді. Журнал қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашаққа шақырды. «Қазақтың қазіргі халі» деген мақалада елді кері тартатын кесапаттың алыстан келмейтінін, оның өз арамыздағы кәдімгі дау-жанжал, ұрлық, өтірік-өсек сөзден тарайтынын, бұл кемшіліктердің кәсіпсіздік білімсіздіктен туатынын жұрт алдына алақандағыдай жайып салады. Б. Майлин журналдың 1913 жылғы 15-санындағы (335-336  б.б.) мақаласында қыз ұзату тойында, өлімге ас беріп, еске алуда елдің үлкен шығынға бататынын айтып оның орына халықты пайдалы іске оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға , мектеп медресе салуға қаражат шығаруға шақырады. Жалпы алғанда журнал қазақ елін білімге, өнерге шақырды, оқыту сапасын жақсарту мен білім беруді белгілі программаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті: «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында біраз кеңес» деген мақалада (1911, №5, 4-6 беттер) оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін көптеген шараларды жүзеге асыру керектігі айтылады. Сондай-ақ қазақ шәкірттерінің хал-жағдайының тым нашар екендігіне тоқтала отырып журнал оларға көмектесуге шақырған көптеген мақала-хабарларды да басып отырды. Білім беру мәселесін шешу үшін оқу құралдарын шығару, қазақ тілінің әліппесін жасау, жазу жұмысын бір ережеге бағындыру туралы бірсыпыра мақалалар жариялады.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1915" \o "1915" 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропағылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкіліМ.Дулатұлы болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1918" \o "1918" 1918 жылы газеті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды.Басылымда А.Байтұрсынұлы,Ә.Бөкейхан,  М.Дулатұлы,  М.ШоқайМұха- метжанТынышбайұлыШ.ҚұдайбердіұлыҒ.ҚарашР.Мәрсеков,Ж.ТілеулинҒ.МұсағалиевМ.ЖұмабаевХ.БолғанбаевХ.ҒаббасовЖ.АқпаевЖ.Сейдалин,С.ТорайғыровА.МәметовС.ДөнентайұлыХ.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет