1. Қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орны неге санша маңызды деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз


XV-XVIII ғасырлардағы қазақ фольклорының негізгі даму бағыттары қандай болған?



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі19,77 Kb.
#143607
1   2   3
Байланысты:
7 апта арт

2. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ фольклорының негізгі даму бағыттары қандай болған?
Фольклор - XV-XVIII ғасырларда ұлы дала ауыз әдебиетіндегі ақындық шығармашылықтың керемет даму кезеңіне айналған тұста көшпенділердің жанына, үмітіне, қуанышы мен көңілінің мерекесіне айналды. Қазақтар басына түскен қуаныш па қайғы ма бәрін фольклор арқылы қарастырған. Дүниеге сәби келгенде қуаныштан әндеткен, ойын немесе қызмет барысында бойжеткендер қалжыңдасып әндеткен, сонымен қатар мақал-мәтелдерді де қызығушылықпен тыңдаған. Үйлену тойда бет ашар, жар-жар, сыңсу айтылған. Қаза кезінде жоқтау айтқан. Қайтыс болған адамның өлімін жақындарына естірту ретінде жеткізген. Қазақтар үйлену той ма соттасу рәсімі ма бәрін фольклор арқылы шешіп отырған. Келісімін бермеген ата-аналарға әзілдесе отырып Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлуды мысалға келтірсе, ал соттасушылар қазыға бабалардың үлгілі оқиғаларын айтып тарихтан мысал келтіруге тырысқандығы, жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы дерлік қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орнының ерекше екенін айқындап, дәлелдеп тұрғандай.

3. Қазақ мәдениетінде ақын жыраулардың шығармашылығының маңыздылығы? Өз көзқарасыңызды мысалмен дәлелдеңіз.
Жырау поэзиясы орта ғасыр кезеңінің ең бай мұрасы бола отырып, адам мен қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелейді.Ақындар мен жыраулардың маңызы зор болды, олар әлем туралы білімді ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып, жолсерік қызметін атқарды. Ақындар мен жыраулар тыңдаушыларға көркем сөзбен әсер ете отырып, қазақтардың қоғамдық өміріне айтарлықтай әсер етті. Жырау өз шығармаларында маңызды және өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғады, адамгершілік мәселелері бойынша сөз сөйледі, Қазақ халқының мәдениет тарихында маңызды рөл атқарды.
Тұрмыстық жанрдағы эпикалық туындыларды орындаудың мәнеріне қарап қазақ ақындары жырау, жыршы, ақын, айтыс-ақын, қара өлеңші сияқты бірнеше түрлерге бөліген. Жыраулар (болжаммен сөйлеушілер), жыршылар (батырлардың ерлігін жырлаушылар). Қазақ фольклорының «Алтын қоры» саналатын «Қобыланды батыр», «Ер-тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы көрпеш және Баян сұлу», «Қыз жібек» сияқты сюжеттер халық жадында мәңгілік сақталып, ұрпақтан ұрпаққа сіңіп отырған. Халық ауыз әдебиетінің арқасында Асан қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.), Шалкиіз жырау (XV ғ.), Доспамбет жырау (XVI ғ.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Бұхар жырау (XVII - XVIII ғ.) есімдері сақталып жеткен. XVII-XVIII-ші ғасырларда ақындар мен жыраулардың иықтарына шежіре мәселесі де жүктеледі. XVIII ғасырдан бастап айтыс өнері жоғары деңгейге көтерілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет