1. Қазақ мәдениетінде фольклордың алатын орны неге санша маңызды деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз


Дәстүрлі қазақ әуендерінің негізгі бағыттарын талдаңыз. XV-XVI ғасырларды қандай өзгерістер бой алды. Тарихи оқиғалардың мәдениеттегі көріністерінің белең алуы



бет3/3
Дата26.12.2023
өлшемі19,77 Kb.
#143607
1   2   3
4. Дәстүрлі қазақ әуендерінің негізгі бағыттарын талдаңыз. XV-XVI ғасырларды қандай өзгерістер бой алды. Тарихи оқиғалардың мәдениеттегі көріністерінің белең алуы.
Қазақтың дәстүрлі ән өнері фольклор аумағында ғана қарастырылады. Үнемі қозғалыстағы өмір, бостандықты аңсау, қоршаған ортамен тығыз байланыс, қалыптасқан дәстүрдің бір бөлігіне айналу – осылардың бәрі ән мен сөздің синтездік көрінісіне айналды. Бұл тек қана баяндау емес, ол көшпенділердің шығармашылық рухының көрінісі еді. XV ғасырдан бастап қазақ ән мәдениетінде зпос, эпостық жырлар кеңінен тарала бастайды. Дәстүрлі әуендерді зерттеу барысындағы маңызды факторлардың бірі-біздің заманымызға дейін бұл эпостардың өздері ғана жетіп қоймай оларды құрастырған және орындаған да адамдардың аттары сақталып келуі. Эпостар мен эпостық жырлар-ата-бабаларымыздан мұраға қалған үнемі қорғау мен қолдауды және сақтауды қажет ететін жоғарғы рухани құндылық. Негізінен қазақ фольклорының жалпы құрылымы-ол әуен десек болады. Ақын, жырау, сал, серілер өнерінің арқасынды адамдарды үнемі әуен қоршап отырған. Музыкалық аспаптар адамдарды жылататын немесе күлдіретін сөз құдіретін күшейтіп отырған. Қазақтар әуенге қатысты «күмбірлеген домдыра», «ішектер әндетті», «домбыраның күбіренген дауысы» деп дыбысын ұйғарып отырған. Аспап олар үшін ешқашан жәй өңделген ағаш ретінде танылмаған, ол сатылмайтын, адал, қатал тірі жан иесі ретінде қарастырылған. Жырларды орындау барысындағы әуен сүйемелдеуші құрал емес, сөздердің құдыретін арттырушы қызметін атқарған. Қазақ әуен өнері XV ғасырда мемлекеттікпен бірге пайда болған жоқ. Оның тамырын ерте орта ғасырдан, яғни түркі мәдениетінен қарастыру керек.

5. XIX ғасырда неге би өнері құлдырауға ұшырады. Немен байланысты. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Қазақ халқының би мәдениеті Ежелгі заманнан бері белгілі. Би қазақ халқының тұрмысын, оның өнерге деген сүйіспеншілігін жан-жақты ашады. Бұл халықтық өнер қазақ көшпенділерінің өмірінің өзіндік ерекшелігін және олардың ішкі әлемінің байлығын ешкімге ұқсамайтындай айқын көрсетеді.
Қазақ халқының ерекше би мәдениеті музыкалық фольклормен, үйлену тойымен және олардың салттық әндерімен, билерімен, жарыс ойындарымен, пантомимамен тікелей байланысты. Ежелгі билердің көптеген түрлері бізге жетпесе де, олардың сюжеттік тақырыптары, көптеген ұрпақтардың дәстүрлі хоббиі, би пластикасының идеалдары халық жадында қалды, өйткені қазақтар арасында өнердің бұл түрі ешқашан белгілі бір, біржола дамыған системой-ишара жүйесімен, қимылдармен және бидің "механикасымен" шектелмеген. Фольклорды, материалдық мәдениет ескерткіштерін, жазбаша дереккөздерді, қазақ тілінің лексикасын зерделеу би қазақ қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі бүкіл даму процесін сүйемелдеп, оның рухани мәдениетін байыта түсті деп айтуға негіз береді. Қазақтардың өткен өмір салтының себептері байқалатын кейбір халық билері де сақталған.
Би қазақ мәдениетінің көнеден келе жатқан өнерінің бірі деп айтсақ, оған ежелден тас беттерінен көрініс тапқан петроглифтар дәлел. Би-көшпенділердің өмір-салтымен, дүниетанымдық түсінігімен, жан-жануарларға еліктеушілігімен байланысты туындаған өнер. XIX-шы ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басына дейін қазақ би өнерін зерттеп, арнайы классификация ешкім жасамағандықтан бүгінгі зерттеушілерге күрделілік танытуда. Ең қызықтысы қазақ билерінде конондық іс-қимылдар байқалмайды керісінше импровизациялық көріністерге тола болған. XV-XVIII ғасырларда би өнері халық қолдауы мен салт-дәстүрдің бөлігі ретінде сақталғаны белгілі. Бірақ кейінірек мүсылман мәдениетінің күшейімен байланысты және қоғамдағы патриархалды-феодалдық құрылымның әсерінен би мәдениеті XIX ғасырда тіпті жоғалып кетуге айналған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет