ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы түрде қорытындыласақ, 19 ғасырдан бері қарайғы әдеби тіл нұсқауларын барлап, олардың мәселелерін сөз етпей –ақ, сөздердің іріктелуі, сұрыпталуы, орнымен қолданылуы, дұрыс жазылуы , бірыңғай айтылуы, бір ізбен жазылуы жөніндегі мәселені көз алдымыздан өткізсек, толып жатқан өзгерістер , қазақ тіліне деген қиянаттар , үстемдік, тіліміздің заңдылықтарын бұзып орыстандыру саясатының нәтижесін көреміз.
Шын мәнінде , қазіргі кезде жарыспа сөздердің ең үлкен тобы – жазуда екі түрлі тұлғаланып жүргендермен қатар, кірме сөздер.
Жазу мәдениеті саласында кемшіліктер жоқ емес. Өкінішке қарай, бір сөздің немесе бір тектес сөздердің әркелкі жазылуы, орфографияның принципінен ауытқушылық кездеседі. Орфографиялық сөздіктердің өзінде бір сөз немесе бір тектес сөздер әртүрлі жазылып, емле мәселесінде , жазу мәдениетінде ала – құлалыққа жол беріліп отыр, бұқаралық ақпарат құралдарына жазу ережелерін сақталмауы қалпына айналып бара жатыр. Бір сөздіктің өзінде де бір тектес, құрылысы мен табиғаты жағынан бір бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Сөздерді жан – жаққа жүгіртіп , ешбір негізсіз әр түрлі жазу жиі ұшырасады. Осылайша оқушы қауым, қалың жұртшылықтың осындай емленің қайсысын дұрыс, қайсысын бұрыс деп ажыратуы қиын.
Сөздердің дұрыс жазылуын қалыптастыруда , жазу мәдениетін дамытуда орфографиялық сөздіктердің маңызы мен қызметі айрықша екендігін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Қазір қазақ тілінде бірнеше орфографиялық сөздік жарық көрді. Соның ішіндегі ең көлемдісі , ең толығы , ең тәуірі деп аталынып жүргені -1988 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» . Ал кейінгі жылдары шыққан осы сөздіктің жетілдірілген нұсқасы оқырманда әрі – сәрі жағдайда ұстап тұр. Бұл сөздіктерде жазу мәдениеті саласында үлгілі сөздік бола алмай тұр. Аталған сөздіктерде де бір тектес сөздер әр түрлі жазылған.
Мұндай ала – құлалықты бүгінгі саналы , сауатты оқушыда , әдет , мәдени жұртшылдық та қабылдай алмаса керек.
Осы орфографиялық сөздікті жасаушылар бір тектес сөздерді бірде біріктіріп, бірде бөлек жазыңдар деп үйретеді. Мұндағы сүйенетін принцип- тайғақ принцип.
Бұл жерде орфографиялық сөздіктеріміздің ғылыми дұрыс бағытта жазылмағандығы айту тиіс.
Орфография (емес) – сөздер мен грамматикалық формаларды бірыңғай жазудың ережелері. Ереже тілдің жүйесіне қолайланған алфавитке сай болуы үшін белгілі бір принципке құрылады. Емле жүйесі неғұрлым бір ізді болса, соғұрлым ойға қонымды болады. Қазақ тілінің орфографиялық ережелерін жазғанда , ғылымдарымыз фонетика – морфологиялық принципті қолданған. Бірыңғай фонетикалық принципті немесе бірыңғай морфологиялық принципті қолдану жағын жете қарастырғандық байқалады.Яғни қазақтың төл 28 дыбысынан тұратын сөздерімізбен басқа кірме элементтер дұрыс орфографиялық сөздік құруға , әрине мүмкіндік бермегені байқалады. Демек, бөтен елдің сөзінің ықпалынан шыға алмаған.
Ең даулы , ең күрделі мәселенің бірі – сөздердің бірігуі мен бөлек жазылуында болып отыр. Қазақ орфографиясындағы шешімін таппай келе жатқан қиындықтардың бірі - құрама сөздердің бірге , я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы өзге қиындық басқа да , құрама сөздердің жазылуына байлансыты қиындық бір басқа деуге болады. Тіпті орфографиялық сөздіктердің өзінде кейбір сөздер бірге жазылса, сол сөздердің кейбірі бөлек жазылған. Бұл – жиі кездесетін құбылыс.
Қазақ тілінің сөздері: жалаң сөздер( бала , үй, шаруашылық) , күрделі сөздер( аса таяқ, ақ сары), қос сөздер( бала – шаға) , біріккен сөздер( өнеркәсіп) , қысқартылған сөздер( агроөнеркәсіп) болып бөлінетін болса , құрама сөз құрылымының әлдеқайда күрделі және жазылуының әртүлі екенін байқауға болады.
Құрама сөздердің бәріне ортақ басты – басты белгілері бар. Ол белгілер олардың орфографиясында ескеріліп жүр . Құрама сөздің қай – қайсысы болсын, белгілі бір заттық атауы болып, бір мағынаны білдіреді. Сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде қызмет атқарады. Қазақ орфографиясының тәрбиесіне сүйенсек, құрама сөздің бір ғана заттық атауы болуы, бір ғана мағынаны білдіруі, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаруы олардың бірге не бөлек, жазылуына таяныш бола бермейді. Ал, егер олардың ортақ белгілері болса, неге оларды бірге жазуға болмайды? деген сұрақ үнемі қойылып келеді. Дегенімен құрама сөздердің әрбір тобының өзіне тән жеке- жеке белгілері бар. Олардың құрама сөздерінің әрбір тобын бір – бірімен өзгешелеп тұрады, яғни жазу ерекшеліктеріне осы жеке белгілер таным болған.
Достарыңызбен бөлісу: |