МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................6
1. ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................9
2. ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНА ӘР ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС..................................29
2.1 Сөздердің орфографиясындағы қиындықтар: кіріккен сөздердің емлесі......................................................................................................................33
2.2 Біріккен сөздердің емлесі.....................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................62
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктеріне, емле ережелеріне , оларға енгізілген ережелерге, түсіндірме және терминологиялық тағы басқа сөздіктер мен анықтамалық еңбектерге , олардағы жеке сөздердің , күрделі сөздердің жазылуына көз жіберсек , қазіргі қазақ орфографиясында көптеген қайшылықтар мен қиындықтар ауытқулар мен жалпы лингвистикалық заңдылықтарға сәйкес емес ережелер кездеседі. Зерттеу жұмысымызда осындай орфографиялық қиындықтарды талдауы обьект етіп алдық, ол қиындықтардың себептері мен негіздерін анықтау алдында қазақ тілі сөздеріне , олардың күрделі түрлеріне тән белгілерді , жасалу жолдарын талдап алдық.
Орфографиямыздың жақын мерзімдегі өткеніне қысқа түрде ғана шолу жасап, ана тіліміздің жазу ережелерінің қалыптасу жолына қанығуға болады.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президумы 1983 жылдың 25 тамызында « Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » жарлық қабылдап, онда «Қазақ алфавитіндегі әріптердің тізілу ретін айқындау туралыжәне қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне »өзгерістер ме,н толықтырулар енгізіп , олардың жаңа редакциясын бекіткен еді.
Қаулыда оқу орындарына және басқа салаларғада қазақ тілі орфографиясының сол негізгі ережелері жариялаған күннен бастап, оларды жазу ісінде басшылыққа алу міндеттеген болатын .
Қазақ тілі орфографиясының 30 жылдан астам уақыт салып, қайтадан дұрысталып, бір жүйеге келтірілгені, әрине , дұрыс та шығар. Бірақ та сол ережелерді пайдалануда оқушылар, жалпы қазақ тілінде көптеген қиындықтарға кез болды. Соңғы ережеде де, әлі де болса, көптеген ережелерге сай келмейтін , бағынбайтын сөздер мен күрделі тұлғалар бар, кісі аттары да қалай болса солай, әркімнің өз білгенінше жазылып жүр. Бұл сөз жоқ қазақ тілі орфографиясының , орфоэпияның осы күнге дейінгі бір жүйеге, бір заңдылыққа бағындырылмай келе жатқандығының нәтижесі. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысымыздың тақырыбы тың , мәселесі өзекті болып табылады. Жоғарыдағы айтылатын ойлар мен пікірлерді дәлелдеуге көптеген ережелерді қарап отырып, мысалдар келтіре беруге болады. Қазақ тілі орфографиясының алғашқы негізгі ережелерін бізге ұсынған , заңдылыққа сай бір жүйеге келтіріп берген ағылшын ғұлама – ғылымдарымыз А. Байтұрсынұлы , одан бері С. Аманжоловтар екені бұрыннан баршамызға мәлім. Солардан қалған асыл мұраны сан құбылтып тәлкіге салу кеңістік орыстандыру санатының нәтижесі екендігін енді анық байқап отырмыз, зардабын әлі шегудеміз. Артикуляциялық сөйлеу базасы өзгеріп кеткен ұрпақ өз ана тілінің байырғы дыбыстарын айта алмай отыр, жазу ережелерінен мүлдем артта қалуда. Бүгінгі күні дұрысын дұрыс , бұрысын бұрыс деп айтуға мүмкіндік туды, ал дұрысын бұрмалаудың енді қажеті жоқ. Алфавитімізден жат жұрттың дыбыстарды алып тастап, төл 28 дыбысымызды енгізу , оқыту, білім беру,қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалудың жолы екендігін көпшілік мойындайды.
Әлі де болса ана тіліміздің орфографиясындағы қиындықтарды бір жүйеге келтіру , қазіргі сөздік қорымыздың ала- құра , бөгде сөздермен тазалығы сақталмаған жағдайында, өте қиын. Бұл , әрине , графикамызды реформалау кезінде мамандар , қоғам мүшелері , үкімет қолдауға тиісті мәселе. Ал қазіргі орфографиямызды жамап – жалғағаннан жазба сауаттылық кемімесе , арта қоймайтынын қазақ тілі мамандары біліп отыр.
Қазақ тіліндегі күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі ауқымды арнайы зерттеу еңбектерінің объектісіне айналғалы біраз уақыт болса да, тіліміздегі күрделі сөздерді оған ұқсас басқа тілдік тұлғалармен араластыру, атап айтсақ, фразеологизмдермен, шектеулі тіркестермен, шектестіру орын алып келеді, олардың арасына нақты шек қою, жазылуын ретке келтіру сияқты мәселелер әлі де болса кенжелеп келеді.
Қазақ тілі білімінде күрделі сөздерге қатысты мәселені алғаш сөз еткен профессор Қ. Жұбанов. Ол 1930 жылдарда күрделі сөздер қанша сөзден біріксе, кіріксе де тұтас бір ғана мағына білдіреді, бір ғана заттың атауы болады, сөйлемде де сол жұбын жазбай, бір ғана мүше болады, кейбіреулерінің құрамындағы сыңарларының дыбыстық өзгеріске түсуінен сыртқы түр- тұрпаты басқаша болып қалыптасады, бір ғана екпінді иеленеді деп тұжырымдаған.
Ғалым Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне тоқталған жерінде бірінші топтың өзгешелігі – синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру (қазір-сөзжасам) жүйесіне айналған тәсіл екенін көрсете келіп, изафеттің бұл түрі қазірде тұтас бір атау болып ұғынылатынын айтады.
Біріккен сөзге арнайы еңбек жазған А. Ермеков біріккен сөздердің сыртқы түр-тұрпаттық белгі – қасиеттеріне, біріншіден, тұтас тұлғалануын, екіншіден, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаруын, үшіншіден, белгілі бір сөз табының құрамына кіруін, төртіншіден, бір ғана интонациямен айтылуын, бесіншіден, кейбір компоненттерінің бүтіндей я жартылай дербес мағынасынан айырылуын, алтыншыдан, бірге жазылуын, жетіншіден, сөздікте бүтін бір сөз ретінде берілуін жатқызады (Қазіргі күнгі орфографиялық сөздіктерде олар әр түрлі жазылып жүр).Г. Жәркешева біріккен сөздердің ерекшеліктеріне мағына тұтастығын, сөйлемде бір ғана мүше болуын, сыңарларының қалыптасуына дыбыстық үндесу заңының қатысуын жатқызады.
Ғалым А. Ысқақов өз еңбектерінде күрделі сөздердің аса маңызды мәселелерін қамтып, күрделі сөздердің әлі де анықталмаған, айқындалмаған мәселелері көп екенін айтқан. Мәселелердің негізгілері: біріккен сөздер мен фразеологиялық оралымдардың, біріккен сөздер мен фразеологизмдердің ішіндегі тұтастықтардың, біріккен сөздер мен күрделі атау сөздердің араларын ашу, олардың ара қатынастарын анықтау мәселелері. А. Ысқақов күрделі сөздерді ажыратуда мағына тұтастығын, тұтас тұлғалануды, белгілі бір сөз табына телулі болатындығын, сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқаруды, бір екпінді иеленуді тірек ету керектігін айтады.
Ғұлама ғалым, профессор К. Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде сөзге, соның ішінде күрделі сөзге де тән және оны сөз тіркесінен ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілеріне тоқталып, күрделі сөздердің сөз тіркесінен, фразеологизмдерден айырмашылығын осы тұрғыдан сөз етеді.
А. Байтелиев өзінің «Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы» атты монографиясының IV тарауында сөзді, күрделі сөзді, еркін сөз тіркестерін, күрделі сөздерді бір-бірінен қалай ажырату керектігін, қандай негіздерге сүйену қажеттігін талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |