1. ҚАзақ тілі сөздері және олардың ТҮрлері мен ерекшеліктері


Біріккен сөздердің емлесі



бет9/11
Дата06.01.2022
өлшемі427 Kb.
#13121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Орфография

Біріккен сөздердің емлесі

Біріккен сөздерге: қарабауыр , асқазан, ұлтабар, көксерке, аққайран, саңырауқұлақ , ақсақал, қылтамақ, есерсоқ, көнетоз, қарақұс, аққу, жарымжан, көнтері, түйетабан мендуана тәрізді алуан түрлі сөздер жатады.

Сөзге тән бір қасиет- оның екінші бір сөздің пайда болуына ұйытқы болуы десек, біріккен сөздерде бұл қасиеттен мүлде құралақан емес. Біріншіден, бұлар кейбір жұрнақтары арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады.Мысалы: ақсақалды, аққудай тағы басқа. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады, мысалы: піл , тасбақа , орман сулары, жеңіл өнеркәсіп тағы басқа. Осылр тәрізді қызыл қырықат , жасыл құрбақа тәрізді күрделі атаулардың пайда болуы да негіз боларлық қасиеттің болуын дәлелдейді. Күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді біріккен сөздерде сөздердің еркін тіркесі тірізді сөйлеу я жазу процесі күйінде , бұрынна жасалып қалған, қалпында қолданылады. Міне осы аталған межелік белгілірі біріккен сөздердің де лексикалық тұлға болуын куәсі болмақ.

Біріккен сөздердің құрылымы оның құрасытырушы компоненттердің жай

біріктірілуінен жасалады, ондағы сөздердің дыбыс құрамында , буын құрамына да ешқандай өзгеріс кірмейді,, сол әуел бастағы қалпында қалады. Енді жеке мысалдарға талдау жасау арқылы, осылардың кейбір жасалу , қалыптасу ерекшеліктеріне нақтылы тоқталайық. Біріккен сөздердің жиі кездесетін бір түріне итмұрын, бұзаубас, қоянтобық, түйетабан тәрізді сөздер жатады. Мәселен, итмұрын затында , өсімдіктің белгілі бір түріне берілген атау, сыртқы формасы иттің тұмсығына ұқсас болғандықтан , соған орайлас аталған. Затында оның итке де , мұрынға да ешбір қатысы жоқ.

Мысыққұйрық- бұл шөптің белгілі бір түріне берілген атау, формасы мысықтың құйрығына ұқсас болғандықтан , соған орайлас қойған. Осылар тәрізді егеуқұйрық, бұзаубас, қоянқұйрық алуан түрлі атауларда пайда болған.

Біріккен сөздердің екінші бір үлгісіне – қарабауыр, қарақұлақ, қарақұйрық, тазқара тәрізді сөздер жатады. Мәселен, қарабауыр – затында , аңға берілген атау,үсті қылаң, бауыр жүні қара , басқа жерінен ерекше көзге түсетін белгісі осы болғандықтан , соған орайлас аталған. Қарақұйрық, қарақұлақ атаулар да міне осылай пайда болған.

Біріккен сөздердің бұл аталған түрлері кейін басқа да біріккен сөздердің жасалуына , үлгі болып , оның құрамы үнемі толығып,артып отырған.

Біріккен сөздердің үшінші бір түріне – заржақ, кемтар, арамтамақ, көнетоз, аққұла, біржола, қонақжай, бірбеткей, көкжелке, екіқабат тәрізді сөздер жатады.

Бұлардың да компоненттері ешқандай дыбыстық өзгерістерге , ұшырымыған буын құрамында толық сақтаған, ; білдіретін ұғымы мен беретін мағынасы да құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасынан басқаша болып қалыптасқан , бұл да бір ғана зат я құбылыстың атау болады. Біріккен сөздердің төртінші бір түріне – қарақұс, аққу, шашбау, баспасөз, басқұр тәрізді сөздер жатпақ. Бұлардың да сыңарлары әуел бастағы түр – тұрпатын толық сақтаған , буын құрамы да берік, құрылымын бұзбай үнемі бірге жұмсалады, қаншама сөзден тұрмасын, бір ұғымды білдіріп, бір ғана заттың атауы болады.

Тіліміздің сөздік құрамына біріккен сөздердің бұл аталғандардан өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін тағы бір тобы бар. Олардың үлгілеріне : а) еңбеккүн, қолжазба , бесжылдық; ә) автоаял, автоара, автоқалам;б)автоклуб, автобаза, агротехника тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Бүтіндей алғанда , бұлардың да компоненттері ешқандай да дыбыстық өзгеріске ұшырамаған , буын құрамын да сақтаған , тұтасымен бір зат құбылыстың атауы болады. Біріккен сөздер компоненттерінің сөз табына қатысына келсек, бұлар да кіріккен сөздер тәрізді кілең бір сөз табынан да әр түрлі сөз табынан да бола береді. Осыған орай бұларды өз ішінде екіге бөлуге болады. Біріншіге – компоненттері бір ғана сөз табынан бірігіп қалыптасқан егеуқұйрық, итмұрын, бізтұмсық, тауқұдырет тәрізді біріккен сөздер жатады.

Екінші компоненттері әртүрлі сөз табынан болған ақсақал, біржолата, жарымжан, бірқазан тәрізді сөздер жатады.

1) компоненттері бір ғана сөз табынан болған түрін өз ішінде мына төмендегі түрге бөлуге болады.

А)екі компоненті де зат есімнен болған , мысалы, мысыққұйрық, түйетебен, балажан, қылтамақ;

Ә) Кілең сын есімнен болған , мысалы, аққұла, алабөтен, кемтар;

Б) Етістіктен болған, мысалы, алыпсатар;

2) Компоненттері түрлі сөз табынан болғандары да ішінара бірнешеге бөлінеді.

А) сын есім мен зат есімнен болған , көксерке, көкжиек, көкнайза, аққайран, ақсақал, бозбала.

Ә) Зат есім мен етістіктен болған , мысалы, қолтума, ұлтабар, сиырбүлдірген;

Б) Сан есім мен зат есімнен болған , мысалы, екіқабат, екібастан, жетіқарақшы;

В) Сан есім мен етістіктен болған, мысалы, біржолата, бірқыдыру;

Г) Сын есім мен етістіктен болған , мысалы, көнетоз;

Құрамындағы сөздердің түрліше болуына қарамастан, сөз категориясына қатысты жағынан келгенде бұлар да сол тұтасқан күйінде бір ғана сөз табы болады. Мысалы: жарқанат, алыпсатар, көксерке, сиырбүлдірген , бірқазан тағы басқа . Зат есім - біржолата- үстеу сөз тағы басқа. Біріккен сөздер бас – аяғы бүтін бір тұлға болатындықтан , сөйлем ішінде ажырамай , сол тұтасқан қалпында бір ғана мүше болады.

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер.

Қысқарымдар – қазақ әдеби тілі функционалдық тармақтарының қай – қайсының да қолданыла алатын икемді тұлғалар. Олар тілде: 1) Сөйленіс машықтарын , сөйлеу қуатын үнемдеу мақсатына сәйкес; 2) Синонимдік қызметте; 3) Мәтінге ресмилік мән беру үшін жұмсалады.

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарылған сөзжасам жүйесіндегі тәсіл ретінде орныққан әдеби тілдің стильдік тармақтарында белгілі бір қызмет атқаратын, жазылу нормасы , емлесі қалыптасқан, көлемі мол өзіне тән семантикалық стильдік мазмұны бар атаулар , сөздердің жаңа типтері .

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарылғандарды мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады:

Сыртқы тұлғасы бойынша

Жасалу жолдары бойынша

Әдеби тілдегі орны бойынша

Тұлғалануы жағынан қазіргі қысқартылған сөздердің бірқатар ерекшеліктері бар:

Олардың бір тобы – бірнеше сөздердің тіркесімен тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған қазіргі тұлғалары: ҚР, РФ, БҰҰ; буындық , аралас қысқарту үлгілері болып келеді. Сонымен қатар , қазіргі жазба тіл үлгілерінде образды қысқартулар – акронимдер кездеседі. Бұл сырт мерзімге тән құбылыс,

Халықаралық отандарына ие , ұлтаралық қысқарылғандар , яғни, трансрипцияланбайтын қысқырылғандар: ЮНЕСКО,ОПЕК тағы басқа. Қазақ тілінде 70 жылдары қалыптасқан : ГАЗ, КамАЗ,ТРЕС.

Құрамындағы компоненттердің бірі немесе буындық тұрғыдан ықшамдалған , келесі сыңары толық алынған , тұтас бір сөз болып жазылатын тұлғалар жатады. Таңбалар көмегі арқылы тұлғаланған криптонимдер де кездеседі. Криптонимдер – кісі есімдерінің бастапқы дыбысын нүкте белгісі арқылы тұйнақтап , қысқарту , таңбалар арқылы қысқарту жолдары жасалды.

Біріккен сөздердің жазылуы олардың құрамындағы сөздердің түбірін сақтап, біріктіріп жазуға негізделетіні белгілі. Біздіңше , бұл- бірден бір дұрыс принцип мәселен,принциптің дұрыс бұрысында емес жеке сөздердің жазылуында сол апинциптен ауытқудың салдарынан туған алалықты бірізге түсіру. Мәселен, қолқап, қолқанат, қолқабыс,тәрізді сөздердің біріккен сөздер екені ешбір күмәнсіз. Олай болса, біріккен сөздердің басқа түрлері тәрізді бұларда түбірі сақталып жазылуға тиісті еді. Практикада олай болмай қолғап, қолғанат, қолғабыс түрінде жазылып жүр. Құбылысы жағынан біріккен сөздерге жақын тұрған – тіл білімінің аномастика саласымен байланысты атаулар. Табиғаты жағынан олар күрделі сөздерге жатпағанымен атаулы қызметі жағынан қабысып жататындықтан олардың да түбірі сақталып , біріктіріліп жазылуы дұрыс ойластырылған жай. Біріккен сөздердің емле мәселесін сөз еткенде қиындық тудыратын , оның барлық түрі емес, негізінен сөз тіркесінен ажыраған түрі . Оның себебі , мәселен , біріккен сөздің баспасөз, құрбақа, тамақбау тәрізді түрлері бір жағы лексикаланған тіркеспен сабақтасып жатады. Олардың арақатынасы арнайы зерттеліп, қыр – сыры жан –жақты ашылмағандықтан , талдауда да , жазуда да үлкен қиындық тудырып, кейде тіптен қатеге де ұрындырып жүргені практикада жиі кездеседі.[50, 33]

Сонымен проблема – біріккен сөздің жоғарыда аталған түрі мен лексикаланған тіркестің арақатынасын ажырату . Бұл күрделі де, қиын да проблема.

Біріккен сөздің түрлерінің құрылымы берік бекем. Ол сыртқы түр тұрпаты ғана емес, білдіретін ұғымы мен беретін мағына жағынан да құрастырушы компоненттерге жай ғана бөле салуға келмейді. Компоненттері әбден орнығып, бір бірімен қалыптасып қалған, демек, ол бір бүтін тұлға ретінде қолданылады. Лексика – грамматикалық жағынан да бұлар әбден кірігіп , бір тұлға болып кетпеген, онда грамматикалану процесі байқалмайды. Міне, осы аталған ерекшеліктерге сүйене отырып, бұл екеуін бір бірінен ажыратуға болады деп ойлаймын.

Біріккен сөзге мысал: ақсақал, аққұла, ақсүйек, ақкіс, бірқатар, жұпарбас, екіқабат, желбуаз, бірқыдыру, бірсыпыра, доғабас, ержүрек, есерсоқ, жайбарақат , жатбауыр, бармәзір , атқұлақ, атжалман, айпакөз, жанталасу, адамзат, аракідік, енжар тағы басқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет