1. Қазақ тіліндегі буын

бет2/15
Дата10.05.2023
өлшемі64,41 Kb.
#91484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А.Байтұрсынов ережелерін негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Проф. Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін көрсеткен (2, 361 б.). "Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз.

Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы болып табылады.Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген. Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, проф. Ә.Жүнісбеков Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады» (5, Б. 24-25) деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылымын) сөз еткенде осы теориялық қисынды басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық (естілім) нәтижесі болады. Қазіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын және оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере алады. Ендеше буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық көрінісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет