1. Қазақ тіліндегі буын



бет1/15
Дата10.05.2023
өлшемі64,41 Kb.
#91484
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1. Қазақ тіліндегі буын

«Арна» Көкшетау жоғары колледжі КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:«Қазақ тілі буынының сипаты» Пәні:«Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия» Мамандығы: «Бастауыш білім беру» ТоБЫ: ББ-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген: Баязитова Гульназ Рустемовна

Мазмұны

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Қазақ тіліндегі буын

1.1 Қазақ тіліндегі буын және оның дыбыстық құрамы......................................6

1.2 Сингармонизмге жалпы түсінік ....................................................................11

1.3 А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер.........................................................................15

2. Қазақ тіліндегі буынның сипаты

2.1 Буынға тән негізгі белгілер............................................................................19

2.2 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар...............................................10

2.3 Буын тақырыбындағы сабақ жоспары...........................................................24

Қорытынды............................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............

Кіріспе

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік табиғаты аса күрделі құбылыстардың бірі болып табылады екен. Ендеше қазақ тіліндегі буын құбылысының артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ тіліндегі буынды буын етіп тұрған лингвистикалық пәрмен не деген сұраққа жауап беру керек сықылды. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның шегарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің басын ашып алу керек.

А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық" деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойыңдар" (1, 344-345 б.) деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буыншы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұраудағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазындар" (1, 344 б.) деген тапсырма жаттығуынан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет