1. Қазақ тіліндегі буын


Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар



бет14/15
Дата10.05.2023
өлшемі64,41 Kb.
#91484
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;

-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;

-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;

-хана – емхана, дәріхана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;

-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);

бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;

біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;

тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.

Қорытынды

Қорытынды

Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене еденицалар - буындарға ажырайды. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буынқұрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар. Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде , ол жалп- жалп етіп тұрады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстылардыайтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады. Дауыстылар жеке - дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Мысалы, серб тіліндегі прст (палец – саусақ) деген сөз бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен, әрқайсысы бір-бір буынды сөздер ретінде қаралады. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны көп болса, керісінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы буын саны көп болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет