1. Қазақ тіліндегі буын



бет3/33
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық" деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойыңдар" (1, 344-345 б.) деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буыншы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұраудағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазындар" (1, 344 б.) деген тапсырма жаттығуынан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет