Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық.
Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет.