1 Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымды мақал мәтелдер


Мақал-мәтелдердің сөйлем мүшелік қызметі



бет2/8
Дата06.01.2022
өлшемі452 Kb.
#13960
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1. Шадманова Дилфуза

2 Мақал-мәтелдердің сөйлем мүшелік қызметі..........................................18

2.1 Мақал-мәтелді бастауыш, оның құрылымдық сипаты...............................18

2.2 Мақал-мәтелдердің қыстырмалық қызметі................................................45
Қорытынды.........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................50

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халқымыздың ұзақ замандар тырнақтап жиып шаң жуытпай сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл қазынасының бірі –мақал мен мәтел. Мақал мен мәтел жай сөз емес, ол – сөз атасы, сөз көркі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қысқа болса да, нұсқа сөз. Ауызекі тілде болсын, жазу тілінде болсын дәл мақал-мәтелдей сөзге сараң, мазмұнға бай ешбір шығарма түрі жоқ. Халымыздың асқан даналық, таң қаларлықтай шешендік қасиеттерін өз бойына дәл мақал мен мәтелдей мол және әр жақты жинап сақтаған шығарма жанры болған емес.

Қазақ тіліндегі мақал мен мәтелдердің зерттелу жайы өте нашар. Бұл жөнінде жазылған бірді-екілі диссертацияларда тек лексика-семантикалық тұрғыдан ғана баяндалған. Ал олардың грамматикалық ерекшеліктері жөнінде арнаулы зерттеулер өте аз. Бұл тақырыпта жазылған Р.Сәрсенбаетың, Ш.Қарсыбекованың кандидаттық диссертацияларында да бұл жанрдың тек лексика- семантикалық қырлары ғана сөз болады. Грамматикалық ерекшеліктері жете сөз болмаған. Шындығында, мақал мен мәтелдерде арнайы зерттеуге тұрарлық тілдік ерекшеліктер көп. Бұл диплом жұмысында мақал-мәтелдердің синтаксистегі қолданылу жайттары сөз етілмек.[1;2]

Тақырыптың жаңалығы. Зерттеу жұмысында мақал-мәтелдерді сөйлемнің бір бөлшегі ретінде алып, олардың сөйлем мүшелік қызметін тілдік деректермен талдауға ұмтылыс жасалынды. Мақал – мәтелді сөйлем мүшелері атты термин алғаш қолданысқа ұсынылды.

Тақырыптың теориялық, практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы мақал-мәтелдерді сөйлемнің бір элементі ретінде берілуі мақал-мәтелдердің өзіндік лексика-семантикалық, құрылымдық талдану теориясына қосары бар деп білеміз.

Зерттеудің мақсат, міндеттері. Жұмытың негізгі мақсаты – мақал –мәтелдерді сөйлемнің бір элементі ретінде синтаксистік ереқшеліктерін талдау.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисінің сөйлем мүшелері тақырыбына мақал – мәтелдер синтаксисінің қатысын нақтылау;



  • Мақал-мәтелдер синтаксисін іштей саралау;

  • Мақал-мәтелдер сөйлем ішінде тұрақты тіркестер сияқты сөз тіркесінің бір сыңары, сөйлем мүшесі қызметін атқаратын тілдік деректермен дәлелдеу;

  • Мақал-мәтелді сөйлемнің тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелері жасалатынын анықтау.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет