Қорытынды
Сөйлемде мақал-мәтелдер — сөйлем аясын кеңейтудiң бiр элементi. Бұл жұмыста мақал-мәтелдердiң тек сөйлем iшiндегi ерекшелiктерiне көңiл бөлiндi. Зерттеу соңындағы түйер түйiнiмiз: Мақал-мәтелдер — сөз тiркестерiнiң бiр сыңары болады, түйдегiмен сөйлемнiң бiр мүшесi қызметiнде жұмсалады. Осы түйiннен мынадай ойлар туындайды.
Тұрақты тiркестер сияқты мақал-мәтелдердiң бiр аффикстер табиғи көрсеткiшiне айналу процесi болмайды.Тұрақты тiркестер сөйлем iшiнде морфологиялық өзгерiстерге /септеледi, көптеледi, жiктеледi, тәуелденедi, тiптi жұрнақтар арқылы да түрленедi/ түседi, осы өзгерiстер арқылы сөйлем мүшесiнiң түрлерiне ауысып отырады, ал мақал-мәтелдер көбiнесе етiстiкке аяқталуы себептi етiстiк грамматикалық тұлғаларында түрленiп, синтаксистiк қызмет атқарады.
Тұрақты тiркестерге де, мақал-мәтелдерге де көмекшi сөздердiң қатысы елеулi жайт. Көмекшi сөздер тұрақты тiркестер құрамында екi жағдайда келедi, бiрiншiден, көмекшi сөздер тұрақты тiркестердiң табиғи бiр бөлшегi ретiнде, екiншiден, көмекшi сөздер тұрақты тiркестерге тiркесiп келiп, сөйлемнiң белгiлi бiр мүшесi қызметiнде жұмсалуына итермелейдi. Ал мақал-мәтелдер көмекшi сөздердiң iшiнде көмекшi «де» етiстiгi мен көмекшi керi, кебi т.б. сөздерi арқылы тиiстi синтаксистiк қызмет атқарады.Мақал-мәтелдер көмекшi сөздердiң грамматикалық өзгеруiне қарай синтаксистiк қызметi де түрленiп отырады.
Тұрақты тiркестер ‚үш жақта тәуелденiп, бастауыш болады. Тәуелдiк жалғауы тұрақты тiркестердiң құрамына iлiк жалғаулы сөздiң енуi де, енбеуi де кездеседi. Тұрақты тiркес құрамындағы iлiк жалғаулы сөз тәуелдiк жалғаулы сөзбен бастауыш болса, ал тұрақты тiркестiң құрамынан тыс тұрған iлiк жалғаулы сөз тұрақты тiркестi бастауыштың анықтауышы ретiнде жұмсалады. Ал мақал-мәтелдер бастауыш қызметiнде керi, деген көмекшi сөздерiнiң қатысуымен, таза мақал-мәтелдер сол күйiнде де бастауыш бола алады.
Де етістігі өткен шақ есімше тұлғасы арқылы мақал-мәтелдермен тіркесіп, мақал-мәтелдердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуына себепкер болады.
Мақал-мәтелдер де көмекші етістігімен тіркесіп баяндауыш болады
Жұмыстың зеттеу барысы мақал-мәтелді толықтауыштың тура да, жанама да түрінің тілімізде көптен кездесетіндігін дәлелдеді. Мақал-мәтелдер септік тұлғасында түрлену арқылы объектілік қатынаста баяндауышпен меңгеріле байланысып, тура да жанама да толықтауыштық қызмет атқарады
Мақал-мәтелдерден болған анықтауыштар заттың сындық, сандық, мөлшерлік, қимылдық сапаларын анықтайды, өзі анықтайтын сөзбен қабыса байланысып, сапалшық анықтауыш аталады. Мақал-мәтелді пысықтауыштар тұлғасына қарай қабыса және меңгере байланысқан пысықтауыштар болып бөлінеді. Әдеттегі пысықтауыш секілді мақал-мәтелді пысықтауыштар да мағыналық жағынан мезгіл, мекен, амал, себеп және мақсат тұрақты тіркес пысықтауыштар тобын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |