1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы



бет19/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

28. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы..
1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймақтан тұрды. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат) және кул (орталық қанат). Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар мен жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.

1207-1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.


  1. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?





  • Алтын Орда – Дешті Қыпшақ аумағында немесе Еуразияның далалық аумағында ХІІІ ғасырдың басынан ХVІ ғасырдың алғашқы жылына дейін өмір сүрген империя.

Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер.
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол əскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы БАТУ басқаратын болды. Бату əскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мəскеу, Владимир түбінде монғол əскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол əскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды.1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны жəне басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір
ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті.
Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар.
Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды
Алтын Орда хандары:
Бату -1243-1255
Берке -1257-1266 (Ислам дінін алғаш қабылдады) Мөңке-Темір -1266-1280
Төле Мөңке- 1280-1287
Төле-Бұқа -1287-1291
Тоқа-Темір -1291-1312
Өзбекхан- 1312-1342 (Ислам діні үстемдік алды)
Жəнібек- 1342-1357 тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті
Алтын Орда ыдыраған кезде одан 6-7 мемлекет бөлініп кетті. Бірінші бөлінген – Ақ Орда, одан кейін – Əбілқайыр хандығы, одан Қазақ хандығы шығады. Сонымен бірге Сібір хандығы, Қырым хандығы, Қазан хандығы, Ноғай ордасы жəне Астрахан хандықтары бар. Осылардың əрқайсысы да Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз деп айта алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет