1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы



бет24/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:


«Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырлардағы сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ». Академик Н.Я. Марра жəне Б. Грозный «қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш «қас»-пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. «Қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тəрізді.
Рузбиханның Өзбек ұлысында үш халықтың болғаны, оның ішінде ең көбі жəне ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан бұл сөз XIV ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастағанын байқауға болады. XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін, яғни 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет