1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


) Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлер



бет37/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
62) Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлер.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бабадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.
«Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады.Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу.Ә.Н. Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде «Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... конституция мен халық билігі болған да ғана мүмкін», – деп мәлімдеді
Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.
63) Бөкей хандығының Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838ж):көтерілістің қозғаушы күштері,сипаты, кезеңдері,маңызы.
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті.
Көтерілістің басты мақсаты:

Хан озбырлығына шек қою;


Шаруалар жағдайын жақсарту;
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.1836 жылы халық көтерілісі басталды.
Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.


Маңызы:Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.


Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет