Жауабы: Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс (1869) - 19 ғасырдың І-жартысында Торғай жəне Орал облыстарында бұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті. Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады.Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мəжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан əрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында əр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Жалшылардың қоныстауына, егіншілікпен айналысуына тыйым салынды. 1868 ж. патша үкіметі Қазақстанды отарға түпкілікті айналдыруды көздеген «Жаңа ереже» қабылдады. Жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы бұрынғы 1 сом 50 тиынның орнына 3 сом 50 тиын төледі, түрлі алымдар көбейді. Бұл көшпелі халықтың жаппай наразылығын тұғызды. 1868 ж. желтоқсандағы «Жаңа ережеге» сəйкес Кіші жүз екі облыс, 8 уезге бөлінді. Оның батыс жағы Орал казак-орыс əскерлерінің жерлеріне қосылып, Орал облысы, ал шығысында Торғай облысы құрылды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті əкімдер «сайлауын» өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Нəтижесі Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды.
Маңғыстау көтерілісі - 1870 жылы Маңғыстау шаруаларының патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісі. Мақсаты Патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережені” (“Далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже”) өзгерту. Сипаттамасы Теңіз бағдарларын өртеу, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорларын талқандау, қақтығыс. Нəтижесі Көтерілісшілер күшті қаруланған тұрақты əскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер қатал жазаланып, қудаланды. Көтеріліс басшылары патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жыллың желтоқсанында өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті.