1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


)Кенесары Қасым ұлы бастаған көтеріліс(1837-1847):қозғаушы күштері,барысы,негізгі кезеңдері,жеңіліс себептері?



бет38/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
64)Кенесары Қасым ұлы бастаған көтеріліс(1837-1847):қозғаушы күштері,барысы,негізгі кезеңдері,жеңіліс себептері?


Жауабы:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық жəне ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру əрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу..
Көтерілістің басты себептері
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік əкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, əсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті
Жеңіліс себептері Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты əскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін əлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, əсіресе Қоқан жəне Қырғыз жеріне
басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті əлсіретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет