Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына ,партизандық қозғалысқа қатысуы
Ұлы Жеңістің кеңес халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады.
Партизандардың ішінде көптеген қаhарман қазақстандық қыздар мен жігіттер болды.Тек Белоруссияның 65 партизан құрамасында 1500-ден астам қазақстандық, Ленинград жəне Смоленск облыстарында 500-дей, ал Украинаның территориясында партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысқан. Оның 1500-і қазақ партизаны болды. Аласапыран соғыста қар төсеніп,мұз жастанған, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, кейбір қазақстандық партизан батыр аталарымызды атап өтейін, олар: Қасым Қайсенов,Тоқтағали Жангелдин, Ғалым Ахмедияров, Үсенбай Тастанбеков, Əбдіғали Төлегенов, Қабыш Ахметов, Əлімбай Тілеулин, Жұмағали Саин т.б. сынды батыр аталарымыз баға жетпес ерліктің асқан үлгісін көрсетті
Партизандар күресінің əрбір күні аса қатал сын болды, қаhармандық деген олар үшін ауа мен судай қажет болды. Оларды көзсіз ерлікке, жүректеріндегі Отанға деген
ой-санасы ұмтылдырып отырды. Отанның бостандығы мен тəуелсіздігі үшін жүргізілген бұл қозғалыс бүкіл халықтық жəне интернационалдық сипат алды.
88.Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған.Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес.
89.Соғыс тұтқындарының тағдыры "Түркістан легионының "тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте-ақ кеңес өкі¬ме¬ті¬нің тұтқынға түскен өз азамат¬тарынан біржолата бас тартып, әскери тұтқындардың құқықтарын анықтаған халық¬аралық Гаага және Женева конвенцияларын мойындамауы олардың жағдайын қиындата түскен. Әсіресе, бұл жағдай түркістандық соғыс тұт-қындарына қатты әсер етті. Г.Гервардт «Гитлер мен Сталиннің арасында» деген кітабында соғыс жылдары түркістандық тұт-қындардың 80 процентке жуы¬ғының ашаршылық пен аурудан өлгенін жазады. 1941 жылдың желтоқсан айында Польшадағы түркітілдес халықтардың өкілдері шоғыр¬ланған Ченстохан концлагеріндегі 30 мың адамның 2 мыңы ғана тірі қалған екен. Соғыстың алғашқы жылдарында түркі халықтары өкіл¬дері «мен мұсыл¬манмын» деп айт¬қандарына қара¬мас¬тан, фа¬шистер оларды «сүн¬дет¬ке отырыпты, еврей екен» деп қинап, итке талатып, та-лайын өлтіріп жіберген.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Германияның Шығыс Іс¬¬т嬬¬рі бо¬йынша рейхсминистр Альферд Розенберг тұтқынға түс¬кен түр¬кі халықтары өкілдерінен «Түркістан легионы» атты ерік¬ті армия тобын жасақтауды қол¬ға алады. Алғашында бұл ұсы¬нысты қолдамаған Гитлер кейін 1941 жылдың 25 жел¬тоқ¬санында келісім береді. Түркістан легионында болған Т.Әмірұлының «Крах легиона» кітабында 1941 жылдың жазында аш-жалаңаш, арасында жаралысы бар 80 мың тұтқынның 70 мыңы ұрып-соғудан, ауру-сырқаудан, аштықтан көз жұмғанын баян¬дайды. Барановичи әскери тұт¬қындар лагеріне, одан кейін Демблинге жөнелтілген. «Тұт¬қынның 600-і қазақ едік. Екінші бір лагерьге ауыстырғанда қалған қазақ 126 ғана» деп жазады. Тіпті немістер легионға кірмеген тұтқындарды сапқа тұрғызып, барлығының көзінше атып тастап отырған. Міне, осылай 1942 жылдың сәуір-мамырында алғашқы Түркістан батальоны құрылған. Себебі ешкімнің де тектен-тек өлгісі келмеген. Автор легион қатарында жүріп, Қызыл армияның қатарына өту үшін іштей дайындалып, сәті түскенде кеңестер жағына өтіп кеткендігін де жазады.
Түркістан легионына кіргендердің бірі ашаршылық пен аурудан аман қалып, бір күнге болса да өмірін ұзартуға тырысқан. «Бір реті болар» деп болашаққа үміт артқандар да, соғысқа дейін күшпен ұжымдастыру, тәркілеу, саяси репрессия, бай баласы, молда баласы деген айыптармен қуғындалғандықтан, көбінің өздері немесе әкелері, ағалары шаруалар көтерілісіне қатысқаны үшін жазалауға ұшырағандықтан, іштерінде реніш табы болған¬дар да кезіккенін ашып айтқан жөн.
90.Соғыс жылдарындағы ғылым ,мәдениет және халыққа білім беру .
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
91.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан .Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары .
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді.Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село түрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды.
Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.
40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды.
Достарыңызбен бөлісу: |