20
халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға Қазақ
хандығының Сыр өңірі үшін
Мәуереннахрлық билеушілерімен, шайбанилық
сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген
ұрыстары жатады.
Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ
хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар
шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына
өз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығынБұрындық хан билеп тұрды.
Сыр бойы —Сырдария
өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер.
XIV-XVI ғғ. Жазба
деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас,құрамдас
бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған.
Кей тарихи
кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға
уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы XI-XVғ қарым-қатынастың негізгі
нысаны сыр
өңірі болып саналады. Саяси қатынастар Қазақхандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Сыр бойы
үшін жүргізілген күрестің басталуына түрткі болған Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед
Шайбани ханның
Мәуереннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп
бекінуі. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан
өткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан
оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық
сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді. Қазақ
хандығы Мәуереннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірденқарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрынд
ық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ,
Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа
түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбанихан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірл
ерінен
айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі МұхаммедМазид-
тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін
сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ
хандығына өтеді. Бұл ұрыстар шамамен алғанда,
1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал
XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани Мәуереннахр
билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік
өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде
Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың
солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық
және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал
-әсеріөседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсықысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан
мен Жәнібекхан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек
хан ұлдарының ықпалының нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегіосы қайшылық сыртқы саясатқа да өз әсерін ти
гізеді.
1493-96
жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиында ұзақ болды. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына,
бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, өзбағытын өзгертіп отырады. Тіпті негізгі қарсыласы — Б
ұрындық ханменде жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленіс
уіБұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп,
1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соңсоғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімніңқорытынды
сы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығы
нда Шайбани хан билік жүргізеді. Бұрындық пенЖәнібек арасындағы одақтастықты тереңдету үшін 2қызынш
айбанилық 2сұлтанға ұзатады. Бұл одақтастыққа қарсыЖәнібек ұлдары Моғолстан ханымен қарсы одақ құрад
ы. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханыныңқарындасына үйленеді. Осылай, қазақ қоғамындағы ха
ндықәулет ішінде бір біріне қарама-
қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XVғ соңында Қазақ хандығындағысаяси күштер 2 бөлініп,
ол хандықтың сыртқы саясижағдайына әсерін тигізеді.Хан ретінде мемлекеттегі саясикүштердің басын қосуд
ың орнына, олардың бір-
біріне қарсытұруына, күштердің бірінде өзі болуы — оның беделініңқұлдырауының басы болды. XVI ғасырды
ң алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрысәкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті.
1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтанайналасы 3-
4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынантартып
алды. Әбден күшейген Шайбани
хан 1505-
1510ж дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және эк
ономикалықмақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету жәнеТүркістан аймағын Мәуереннахрға қос
21
у жатты. Бұрындықхан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жібереді. Алғашқы 3жорық кезінде Бұрынд
ық хан жауға қарсы шара қолданбайды. Шайбани хан емін-
еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдағанмал-
жанды олжалайды. 1509жылдың қысында болған3жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің кележатқан
ынан біліп, қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүрболады.
1510-
жылдың қысында жау тағы да қазақтарғажорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтанұлысына қа
рсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да,
осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.Қазақ
хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, оданкейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқа
нБұрындық ханXVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайд
ы. Елдікмүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты.
Достарыңызбен бөлісу: