39. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы. Қазақ хандығының құрылуы бізде тікелей Әбілқайыр хандығына байланысты. Яғни 1457 жылы Әбілқайыр хан
мен ойраттардың басшысы Үз Темірдің арасында шайқас болады. Сол шайқаста Әбілқайыр хан жеңіліп Үз
Темірдің айтқан шарттарына келіседі. Сондай масқара ауыр шарт жасасқан соң, ойраттар Шу арқылы өз
жерлеріне кетеді. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Ол салықты көбейткен
кезінде ,оның бұндай іс әрекеттеріне халықтың ашу ызасы шығады. Оған қарсы күресті Жәнібек
пен Керей басқарды.
1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ
тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы
пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар
Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол
Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп
барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас
аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы
шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп
олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Осылайша
бізде қазақ хандығы пайда болады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды. Одан кейін қазақ ханы
болып Жәнібек сайланды . Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ
халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға
деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.Мұндай
қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз
мыңдай адамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс пен қонысты керек етті. Сонымен қатар
көшпелі ел үшін отырықшы, егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған
экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасау маңызды мәселеге
айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халық
та мүдделі болды. Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін
қалпына келтіру.
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар,
Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық
және әскери тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру болды.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра
территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақ
тайпалары келіп қосылып жатты.
40. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін