4
олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, бұлар Каспийдің оңтүстік-шығысынан
Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты.«Авестада» сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады.
Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар
грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар
Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған Сонымен, ғалымдардың
тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс
Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар
аралығында өмір сүрген. Бұлар
өзара мәдениэтникалық жақын, туыстас тайпалар болған. Қазақ
мемлекеттігінің
тұптамырын зерттеуді сақ
, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік
құрылымынан бастаған жөн .Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда
малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік
құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп
түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні
тайпа көсемдерімен қатар
қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек
шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да
жасалады. Бұл кейін мүлік
теңсіздігіне әкеліп соғып
, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Сақ
патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті,
басқа елдерге елші тағайындады
, сырт елдермен одақ
құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе,
оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді
шешуде патша кейде ел
құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын
көрсетеді. Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың
патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік
тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде
құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы
көшпелілердегі құлдың мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бұгінгі
ғылыми тұжырымдар бойынша
,
көшпелі елдерде құлдың отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көншелілерде құлдықтың тек алғашқы
түрі — үй ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты
адамдардың есігінде жүріп, үй ішілік жұмыстар атқарған. Сонымен сақ қоғамы — патшасы, нөкер
жасақтары, ел
басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтері, байлары, кедейлері,
құлдары бар
қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: