1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
79. Қазақстандағы Жер-су реформасы.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. 
Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. 
Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында 
жүзеге асқан шаралардың бірі еді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ
қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы 
кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып
қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. 
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ 
еңбекшілеріне қайтарып берілді. 
80. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және 
саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і 
жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін 
өндіру мүлде тоқтап қалды. 
Риддер кеніштері
, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы 
толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 
6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен 
астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. 
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала 
түсті. 
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік 
салығына көшудің
, жаңа 
экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: 
- Азық – түлік салығының енгізілуі. 
- Сауда еркіндігі. 
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. 
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. 
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. 
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. 
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. 
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 
жылы жазда 
Еділ өзені бойының
, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. 
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай
80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. 
пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың 
салдары: 
1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, 
Қостанай
, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық 
саны 1/3 – ке дейін азайды. 
2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет