1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Байланысты:
Тарих

82. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері. 
1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. 
Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті 
металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына 
тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен 
өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына 
Қазақстан да енгізілді.Индустрияландырудың ерекшеліктері.Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен
жоғарыдан жүргізілді.Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, 
Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% 
болды.1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.1939 жылы республикадағы қала 
халқының саны 375000-ға дейін жетті. 
83. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 
жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен 
жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай 
шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай 
шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен 
колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса 
жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 
1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру 
қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын 
ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп 


45 
отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы 
дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы 
үлкен апатқа ұшырады.Ашаршылық - қазақ үшін әрқашан күрделі мәселе. Зарлаған ана, шырылдаған бала
өлексе сасыған қазақ даласы - ауылды кеңестендіру саясатының нәтижесі. Бұл зобалаң Ресейдің Поволжье 
аймағын, Украина мен Қазақстан халқын жайлады. 
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ халқы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан азшылыққа 
ұшырап, өзгелерге жол берумен келді. Халықтану демография ғылымының сол ашаршылық апаттың қыр-
сырларын зерттей отырып болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы 
тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жылдары қолдан жасалған ашаршылықтан қазақ халқының 
саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926,1937 және 1939 жылдары жүріп өткен Бүкілодақтық халық 
санақтарының қорытынды нәтижелерін қолдана отырып, оларды өзара ғылыми түрде салыстыру арқылы 
үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.Қолдан жасалған ашаршылық кесірінен 1931-1933 жылдар қазақ 
халқының ең бір қасіретті жылдары болып саналады. Ашаршылықтың негізгі себептеріне қуаңшылық, жұт, 
соғыс, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістер жатқызуға болады. Оның соңы адамдардың жаппай 
қырылуына халық санының күрт азайып кетуіне алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет