1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Қазақ тілінде алғашқы мерзімді басылымдар



бет54/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

71.
Қазақ тілінде алғашқы мерзімді басылымдар.
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да
мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады:ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911– 1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).Бұл басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми жəне бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дəлел бұл
басылымдарда барлық патшалық губерниялық газеттердегідей ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет жəне əкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, олардың жарлықтары, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал берілгендікті білдіретін мақалалар да жарияланған.Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік» тəрізді газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, əлеуметтік- экономикалық дамуы, оқу- ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді.Аттары аталған мерзімді
басылымдардың беттерінде жарияланған материалдар əр түрлі тақырыптарды қамтыған. Ендеше газет беттеріне жарияланған мақалалардың авторлары кім болды екен? деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру үшін осы мерзімді басылымдарды қарастырып шығу керек.Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында «Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998) жəне «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке
жинақ болып құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл» жинағы бысылып шықты. Осы жинақтармен танысу

барысында мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар авторларының басым бөлігі қазақ зиялыларының өкілдері екені бірден байқалады.ХХ ғ. басында қаулап өсіп жетілген ұлттың зиялы тобының арасынан бөлініп шыққан шоғыры өз халқының келешегі мен алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен еңбек сіңірді. Өкінішке орай, кейбір басылымдарда əр жылдары редакторлық қызмет атқарған адамдар жайлы материалдар өте аз немесе мүлдем кездеспейді.




72
М.Ж.Көпеев қолжазбасы – халқымыздың тарихына өз үлестерін қосқан қаһарман тұлғалар хақында фольклорлық нұсқалардың, жазба зерттеулердің, зерттеуші автордың өз ой- пікірлерінің өзара байланыстырылған мағлұматтарының аса мол казынасы.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазақ шежіресінде» қазақтың шежіресін былайша тарқатады: Алаштан Сейілхан, Жайылхан атты екі бала тарайды. Соның Сейілханынан сегіз арыс түркімен таратылады да, Жайылханның ұрпағы туралы шежірешілер екі түрлі пікір таратады. Соның бірінде Жайылханнан Қазақ, Созақ, Ұзақ деген үш бала дүниеге келеді. Осының Созағы қарақалпақтардың, Ұзағы қырғыздар мен хакастардың түп атасы деп есептейді. Ал Қазағынан келіп Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген балалар дүниеге келеді. Олардан Ұлы
жүз, Орта жүз, Кіші жүз тараса керек.Екінші нұсқада Алаштың екінші баласы Жайылханнан үш бала емес, бір ғана ұл Майқы болады. Майқыдан Өзбек және Сыбан деген екі ұл туады. Сыбаннан Айырқалпақ, Айырқалпақтан Қазақ пен Созақ, Созақтан Қарақалпақ, ал Қарақалпақтан Ақарысты таратады. Қырғыздардың ақ айыр қалпақ киетіндігі осыған байланысты болса керек.Қазақ халқының қайдан шыққаны, оның жүздерге бөлінуі туралы мәселе кейінгі кезеңдерде де көп толғантқан. Осы мәселе бойынша Шәкәрім өз шежіресінде «қазақтардың шығу тегі, нәсілі арабтардан емес, түп төркіні көне түрік әлемінде жатыр» деп тұжырым жасаса, ал Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Бұл қазақ деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман-заманнан айтылып келе жатқан ат. Араб тілінде «ұғызақ» деп жазылған, шағатай түркісінде «хазағ» деп, өзіміздің жуан тілде «қазақ» деп жазылған»деп қазақ этнониміне қысқаша шолу жасап, қазақтың шығу тегін қазақтардың алғашқы ханы- Алаш пен оның балаларымен байланыстырып солардың ұрпағы деген ұғым қалыптастырады.Баспа бетінде жарияланған “Қазақ шежіресі” туындысын зерделей қарастырсақ та, Мәшһүр Жүсіптің жеке адамдар тарихын жер тарихымен, ел тарихымен байланыстыра баяндағанын көреміз. Оның үстіне М.Ж. Көпеев жалғыз қазаққа ғана емес, түркі халықтарына да ортақ тарихи тұлғалар: Нәрікұлы Шора (Қазан), Әмір Темір (Самарқан), ер Едіге (Алтын Орда) туралы шежіре нұсқаларын жазып алып, ара - арасында оларға деген өз көзқарас-пікірін келтіреді.Мәшһүр қолжазбасындағы ел билеушілері (XV ғ.-
ХVПІ ғ.ғ. аралығы) казақ хандары тарихы сөз болады. Шежірелік-жылнамалық сипатта жазылған бұл шығармаларда атақты билеушілердің іс-әрекеті қысқаша, тартымды баяндалынып, шежірешінің өз пікірлері де қатар беріледі. Керісінше, тарихи дерегі жұтаң, белгісіз хандардың есімдері ғана аталынып өтеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “Қазақ түбі” еңбегінде әз Жәнібек ханнан бастап әз Тәуке ханға дейінгі хандар тізбегін таратады.Мәшһүр Жүсіп шежіресінде Тахир хан, Тоғым хан, Бойдас хан т.б. белгісіз билеушілердін тек есімдері ғана аталынып өтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет