1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс,оның себептері, қозғаушы     күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері



бет51/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

1916жылғы ұлт-азаттық көтеріліс,оның себептері, қозғаушы     күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
І Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ресей империясы 1916жылы 25маусымда Николай патша жарлық шығарады 14-43 жас аралығындағы адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша Түркістан мен дала өлкесінен 500мыңға жуық қара жұмысқа әскер алуға тиісті болды. Түркістанның генерал-губернаторы Курапаткин, ал Жетісудың генерал-губернаторы болып Фальбоул сайланды. Бірақ көтеріліске шықпас бұрын бұл көтерілістің негізгі себептері болды. 
1916ж ұлт-азаттық көтерілістің себептері:
• Қазақ халқының құнарлы жерлерін озбырлықпен тартып алынуы. 
• Қазақстан аумағындағы шаруалардың жаппай қоныс аударып келуі.
• Қазақтардың майданға қажетті ірі көлемде мал мен киіз үйлердің алынуы.
• Түтін салығы және басқа да салық түрлерінің енгізілуі. 
• Мұсылмандардың құқығына шектеу қойылуы.
• Билер сотының дәрежесінің төмендетілуі. 
• Жергілікті халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тілі, мәдениетіне қысым көрсетілді. 
• Өлкеде православие дінінің кеңінен уағыздалуы. 
Бұл 1916ж ұлт азаттық көтерілістің басты себептерінің бірі болды .
1916ж Ұлт азаттық көтерілістің басты қозғаушы күші халық бұқарасы болды.
Көтерілістің негізгі ірі ошақтарына Торғай, Жетісу және Ақмола облысы Есіл бойы және т.б. жерлері жатады. 1916жылғы ұлт азаттық көтеріліс бүкіл қазақстанды және Орта Азияны қамтыды. 
Қазақтардың Жетісудағы көтерілісі. 1916жылдың шілде айынан басталды. Жетісудағы көтеріліске қазақ көтерілісшілеріне көмектескен жергілікті ұйғыр, дүнген, қырғыз халықтары болды. 
Көтерілістің жетекшілері: Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин болды. Көтерілісшілердің жалпы саны 5000адамға дейін жеткен. 1916ж тамыз айында көтеріліс бірнеше рет жазалаушылармен болған шайқастан кейін жеңіліске ұшырады. Көтерілістің жеңілуінен кейін 1916ж 238мың адам қытайға жер аударып кетуге мәжбүр болды. Әскери дала соттары жұмыс жасап көтерілісшілерді өлім жазасына кесіп жер аудартып, түрмелерге жапты. Көтерілісті басқарған 12 адам қатаң жазаланды. Жетісудағы көтеріліс басылғаннан кейін көтеріліс жетекшілері қатаң жазаланды. Көтерілістің негізгі ірі ошақтарының бірі Торғай облысында қалыптасты. Көтеріліс ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Көтерілісшілер сардар Амангелді Имановпен Әбдіғаппар Жамбосынұлы басқарған әскерге бірікті. Әскери топ ондық, жүздік және мыңдықтарға бөлінді. Арнайы құрылған мергендер бөлімін Кейкі батыр басқарды. Кейкі батыр ұлт азаттық көтеріліс кезінде Торғай қаласына шабуыл жасауға құм кешу, күйік, батпаққара, доғал соғыстарына қатысты. Көтерілісшілер әскери дайындықты күшейтті. Көтерілісшілер хандық билікті қалпына келтіріп хан етіп Әбдіғаппар Жамбосынұлын сайлады. 1916ж Торғай көтерілісшілері 15мың адаммен Торғай қаласын қоршауға алды бірақ 10 күндік шайқастан кейін қоршауды тоқтатып көтерілісшілер батпаққара, аққұм, доғал үрпекке қарай көгіп кетті. 1916ж қарашада көтерілісшілердің жалпы саны 50мыңадамға дейін жеткен. Көтерілісті басып жаншуға Ресей әскери жазалаушылар соның ішінде майданнан әкелгендерді тартты. 1917жылдың соңында көтерілісшілер Торғай қаласын басып алды. Осылайша 1916жылы көтерілістің Торғай ошағы да талқандалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет