1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекетидеясы



бет52/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекетидеясы.
ХХ ғасырдың басы Ресей үшін үлкен саяси өзгерістердіңбастауына айналды. 1905-1907 жылдарғы тұңғышбуржуазиялық-демократиялық революция қазақ халқыныңсаяси санасының оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дамитүсуіне, қазақ қауымында да отарлық езгіге қарсы бағытталғанәлеуметтік-саяси күштің қалыптасуына жол ашты. Ондай күшАлаш қозғалысы еді. Оның басында бірсыпырасы РесейдіңСанкт-Петербург, Мәскеу сияқты қалаларында оқыған, өззаманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы ӘлиханБөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. сол кездегі қазақтың алдыңғықатарлы зиялылары болды. Олар Қазақстанда кеңес өкіметінқұрғандардан қай жағынан болсын биік-тұғын.
Ал 1917 жылғы Ақпан революциясының патшалықмонархияны тақтан түсіруі Алаш жетекшілерінің жігерінтасытып, рухын көтерді. Бұл оқиға қозғалыстың алдына жаңаміндеттер қойды. Содан қазақ өлкелерін жаппай шарпыған ұлт-азаттық күресті жаңа деңгейге шығаратын саяси ұйымныңқажеттігі туды. Ондай құрылым 1917 жылдың 21-26 шілдесіндеОрынбор қаласында өткен бірінші Бүкілқазақтық съездіңшешімімен дүниеге келген тұңғыш ұлттық-демократиялық«Алаш» саяси партиясы болған еді.
Қазақ қоғамының сол кездегі саяси ойының бірден-бір жарқынкөрінісіндей, халқымыздың төл тарихында терең із қалдырған«Алаш» сияқты партияның сая-си сахнаға шығуы патшалықРесейдің Қазақстанды отарлау саясатының терең дағдарысынкөрсететін, сондай-ақ, қазақ қоғамын жаңа саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани негізде қайта құрудыңқажеттігін танытатын факторлар болатын. Оныңбағдарламасының жобасы 1917 жылдың қараша айының 21-де «Қазақ» газетінде жарияланды. Ұлттық даму мен ұлттық теңдікүшін күрес идеясына суарылған, өзінің мазмұны мен саяси мәніжағынан бұрын-сонды қазақ тарихында болмаған бұлбағдарлама жобасы кейін Алашорда автономиясымемлекеттігінің басты құжатына айналды.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құруболатын. Мұны ерте түсінген Алаш көсемі Әлихан Бөкейханмұндай мемлекет дегенде қазақтың ұлттық ерекшеліктерінсақтай және сана-сезімін оята отырып, ортағасырлықәлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып шығатынБатыстық буржуазиялық қатынас жолын таңдағаны белгілі.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ұлттық мемлекеттуралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекеттібасқарудың құрылымы мен сипатына байланысты бірнешепринципті қағидалар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттікқұрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқауқиын емес. Сонымен қатар «Алаш» партиясының негізінсалушылар би, болыс, ауылнайлардың жұртқа пайдалы, жұртүшін қызмет етуге ықыласты болуларына ерекше көңіл бөлген. Бұл сонау антикалық заманның кемеңгері Аристотельдіңмемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызғанидеяларымен ұласып жатыр. Сондай-ақ, бағдарламадажергілікті органдардың «таза қызметшілерін» халықтыңқалауымен, яғни, сайланып қойылуы және олардың жергіліктіхалықтың тілін білуі, олардың құзіретіне кім болса да мойынұсынуы сияқты принципті мәселелер қарастырылған. Алаш көсемдерінің қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бөлек» ұлттық мемлекетін құру турасындағы негізгі идеясы 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен БіріншіБүкілқазақтардың съезінде жүзеге асты. Тоғыз күнге созылғансъезд Автономия құру туралы шешімге келді. Оның атын«Алашорда» болсын деген қаулы қабылданды. Алашавтономиялық мемлекетінің уақытша Халықтық кеңесіқұрылып, Ә.Бөкейхан соның төрағасы болып сайланды. Алайда, жаңа замандағы ұлттық мемлекеттің үлгісіндей болған«Алашорда» автономиясы бар-жоғы екі-үш жылдай ғана өмірсүрді. Кеңестік тоталитарлық жүйе қазақ халқының азаттықтыаңсаған идеяларының жемісіндей болған Алашордамекемелерін таратып тынды. 1919 жылы Алаш қайраткерлерінесаяси айламен кешірім жасалғанымен, кейін олар түгел дерлікәртүрлі қуғын-сүргінге ұшырап, қырып-жойылды.
Сөйтіп, қазақ әлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шыққан Алашжетекшілерінің талайының ғұмырын қиған асқақ арман, биікмақсат жүзеге аспай, 70 жыл Қазақстан көп жағдайда патшалықРесейдің жалғасы болған кеңестік Ресейдің құрамында болды. Сөйтіп, бергені аз емес, бірақ алғаны әлдеқайда көп болғанкеңестік заманда Қазақстан Мәскеуге бағынған, өз тізгіні өзіндеемес, өзін-өзі билей алмаған, принципті мәселелерін тек орталық шешетін тәуелді республикалардың біріне айналды. Еңнегізгісі – қазақ қауымы адамзат қоғамының толыққандымүшесі ретінде саяси һәм рухани еркіндікте болмады. Сондықтан, Қазақстан мемлекет ретінде де, қазақ халқы ұлтесебінде де толыққанды қалыптас а алмады. Соның зардаптарықазіргі күнге дейін жалғасып, алға еркін жылжуымызға көпкедергі келтіріп отыр.
XIXғ бірінші жартысындағы ҚазақстандыЕуропалық және Ресейлік ғалымдардың зерттеуі.Қазақстандағы экспедициялық.
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер  жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А.И. Левшин 1799— 1879 «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты  деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді.
Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай  мен Жетісудың  және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер  келтірілген.
Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік  қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер  жазды.Торғай облысының  мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.
Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар  деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.
XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық  құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет