1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


тақырып:1991жылғы тамыз төңкерісі



бет76/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

96тақырып:1991жылғы тамыз төңкерісі.КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының (ТМД) құрылуы.
Тамыз төңкерісі:1991 жылы сәуір-мамыр айларында М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шартта Дербес Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар үкімет органдарын және басқару құрылымын, жаңа Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту алға қойылды. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачевті жақтаушылар бұл құжатта қарама-қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қаупінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді деп сескенді. Жаңа шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, КСРО ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице–президент Г.И.Янаевтың тағайындалғанын мәлімдеді.Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды.ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын айтты.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді.1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партияны тарату туралы шешім шықты.Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
Тәуелсіз Мемлекетер Достығының (ТМД) құрылуы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер – 1922 жылғы КСРО құру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

КСРО-НЫҢ ыдырауы:1991 жылдың желтоқсан айының соңында болған оқиға 15 тәуелсіз мемлекет құруға алып келді. Оның себептері елдің экономикалық дағдарысында және қарапайым партиялық адамдардың қай партияның өкілі болса да, билікке деген сенімсіздігінде. Осыдан шығатын болсақ, КСРО-ның ыдырауы, бұл оқиғаның себептері мен салдары Жоғарғы Кеңестің мемлекет президенті М.С.Горбачевтің өздігінен бас тартқаннан кейін болуымен байланысты. Екі соғыста жеңіске жеткен елдің өмірін тоқтату туралы шешім қабылдады.Қазіргі кезде тарихшылар КСРО-ның құлауының бірнеше себептерін ғана анықтайды. Негізгі нұсқаларында мыналар бар:


Елдегі дін, цензура, сауда және т.б. саласындағы көптеген бостандықтарға тыйым салатын тым қатал саяси жүйе;
Горбачев үкіметінің Кеңес Одағының саяси жүйесін қалпына келтіруге бағытталған экономикалық және;
Аймақтардағы биліктің жетіспеушілігі, өйткені барлық маңызды шешімдерді Мәскеу қабылдады (тіпті аймақтардың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты);
Ауғанстандағы соғыс, АҚШ-қа қарсы қырғи қабақ соғыс, өмірдің кейбір салалары айтарлықтай қайта құруды қажет еткеніне қарамастан, басқа социалистік мемлекеттердің үнемі қаржылық қолдауы.
КСРО-ның ыдырауы – Кеңес Одағының экономикасында (ұлттық экономикасында), әлеуметтік құрылымында, әлеуметтік және саяси саласында орын алған жүйелі ыдырау процестері, бұл
1991 жылғы 26 желтоқсанда КСРО-ның тіршілігін тоқтатуға әкелді

97.​Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.


1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 және 2011 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Әрине, нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.
Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет