1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы



бет80/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

102. Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы өте маңызды мәселе. Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр – «жариялылық» принципіне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің зерттеушілердің жаз айларында жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, қазір қоғамда әлеуметтік-экономикалық мәселелер басым. Жолдауда да Мемлекет басшысының осы бағыттарға ерекше назар аударғанын көріп отырмыз.Президент Жолдауы Әділетті Қазақстанды құруға негізделеді. Әділеттілікте ең бірінші жер мәселесін қарастыру керек. Мемлекет байлағының иесі халық болғандықтан, сол жерден шығатын мұнай мен газдың пайдасын халық көрмей отырғаны әділетсіздік. Екінші үлкен мәселе – құқық саласы. Осы саладағы түрлі әділетсіздіктер салдарынан парақорлық көп, ал құқық саласында әділеттілік орнамай елдің дамуы да жақсармайды.Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім саласында қызмет істейтін біздер үшін өте қуанышты жаңалық болды. Себебі әр оқушының жайлы жағдайда білім алуы біз үшін маңызды. Ендігі кезекте осы жобаны барлығымыз біріге отырып іске асырсақ деген ниет бар. Қазіргі уақытта балалардың қолайсыз жағдайда білім алуы, әрине өз кедергісін келтіреді. Осы білім саласына қатысты өзгерістердің барлығын іске асыру сіз бен біздің қолымызда.Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет.Мемлекеттік қызмет жүйесі – қанша реформаласақта бір жүйеге келмей жатқан күрделі бюрократиялық аппарат. Экономиканы реформалау үшін бізге кәсіби мемлекеттік қызмет жүйесінің керектігі анық. Мемлекеттік басқару саласына да бәсекелестік керек деп ойлаймын.
103) Білім және Ғылым жүйелеріндегіреформалар. «Болашақ» бағдарламасы
2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекітутуралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білімберу» ұлттық жобасы. Аталған жобаныңшеңберінде зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақтілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңамүмкіндіктерді ашу секілді мәселелерқарастырылған.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадантұрады. Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекетбасшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халықбірлігіқалал және жүйелі реформалар – елөркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқынаЖолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іскеасыруға бағытталған. Атап айтқанда, балалардымектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағыоқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқушыорындарының тапшылығы проблемаларын шешуүшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беруортасын құру және басқа да мәселелерқарастырылған. Жобаның басты мақсаты- барлықбілім беру деңгейлерінде білім алушылардың білімсапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдердіталап ететін және халықтың қажеттілігінқамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойыншамемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.
Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясытағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалыбілім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш ретшетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлікқұрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет