1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Сұрақ Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері



бет7/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

8 Сұрақ
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері .
Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ. Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді. Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректермен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атағантайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығызбайланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақынмәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардыңматериалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерініңайрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" дегенатау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темірдәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдықмәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекшеқарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасыгүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен"патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адамменбірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатынбұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер біргежерлеген
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалықтұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежедетұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымызданбұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарыныңдаму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды. Осы кезеңге кіретінОрталық Қазақстанның ескерткіштері тасмолаархеологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгіліархеологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялықмерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оныңдамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тәнархеологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентайқорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететінжартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл«мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарайбағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метргежететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйітіжерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларыныңқалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейдетек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізібайқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет