1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Ұлы даладағы энеолит және қоладәуірі



бет3/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

3. Ұлы даладағы энеолит және қоладәуірі
Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспадаэнеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеудіүйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріскеенгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстанмүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстанаумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақзерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай(Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – СолтүстікҚазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мыңжылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісіменқапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқысүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқынықолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәріздіыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілдіөрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңізмоллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орыналды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық руүстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдықеңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғайегіншілікпен айналысатын тайпалар әліқалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдардытамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағуегіншілікке қарағанда өнімді көп берді.
Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыларалығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуіеңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңатүрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладанжасалған бұйымдар тас және мыс еңбекқұралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жылбұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктеріандрон мәдениеті деп аталады. Себебі қоладәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроновоселосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жереденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқырқазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қорасалынған. Андрондықтар төрт түлік малдыңбарлық түрін өсірген. Ғалымдар Cолтүстік жәнеБатыс Қазақстан аймағынан 80-нен астамқоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегіалғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысымен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түріндеболған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбішүйгін және желден ықтасын болатын жерлердітаңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзенаңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардыңқоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатындиірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қолаорақтар табылды. Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба(Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. Кенді қорыту үшін құрылысыөте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауаүрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбекқұралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақынжерлерде орналасқан. Мысты өндіру үшін кенорнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қолақайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары таснемесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстарарнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесетегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрініңәсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнертуындысы болып саналады. Академик В.П.Алексеевтің берген сипаттамасы: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегішығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдарболған». Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуірінежататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді. Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған. Адамдардыжерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқақаратқан. Андрондықтар табиғат күштерінетабынған. Қола дәуіріндегі тасқа салынғансуреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінентабылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қосөркешті түйелер, билеген адамдар салынған.Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тікбағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөзкерегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдарандрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналарықазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет