10)Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.Сақтарда әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашқы баспалдақтарының біріне жатады. Алғашқы кездегі сақ коғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болды.Қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы.
Б.з.б. III ғ. Бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген.Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға да бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады.Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты.
11. Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі. Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.Сақ әулетініц іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси- Аб/ болған деген деректер бар.Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар).Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
Жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
Абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
Қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіптері дамыған. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Б. З.б VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болдыСақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда қаласы.Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. З. Б. VIII-IIIғғ. Сақ моласы. Ол алтын адам деп аталған.
САҚТАРДЫҢ АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙ МЕН СОҒЫСЫ
( Б.З.Д. 330-328 Ж.Ж.) Александр Македонский армиясымен екі жыл бойы сақтармен соғыс жүргізген. Александр Македонский сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Соғыстың бірінші кезеңде – б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд ( Самарқанд) қаласын басып алды. Македон басқыншылармен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпалармен одақ құрды.Спитамен басқарған жасақ мараканд қаласындағы Македон гарнизондарын қоршауға алды. Македон әскері қиын жағдайда қалды. Жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы да қайтарып алды, бірақ спита мен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндік болмады. Екінші кезең негізгі күштің ұрысы сақтардың шегінуі. Алайда сақтар македондықтар шабуын тойтарып тастады.Сақтардың артынан түсуді тоқтату ариян айтқандай сақтарды талқандаудан сақтаған жоқ,керісінше .сақтардың македондықтардың өз жеріне тереңдете енгізіп алып .талқындауынан сақтап қалды, Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі кұштерін Мараканда Спитамен басқарған жауынгерлеге қарсы жұмсады.Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да,шайқасқа түспей. Мараканды тастап тез шегініп. Сақ әскеріне барып қосылды.