98. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңбойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялыжәне құқықтық мемлекет деп танылды. ҚР мемлекеттіктәуелсіздігі туралы Қазақстан РеспубликасыныңКонституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.
1тарау: Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет депаталады. Бұл тарауда Қазақстан Республикасытәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет жәнеҚазақстан Республикасы барлық мемлекеттер мен өзарақатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзініңмемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшінҚазақстан Республикасы ашық делінген.
2тарау: Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы туралыайтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заңбойынша жазаланады.
3тарау: Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарыдеп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңесқұзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
4тарау: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігініңэкономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оныңқойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттіңменшігінде болады делінген.
5тарау: Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
6тарау: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінқорғау.
7тарау: Қорытынды ережелер
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы КонституциясыҚазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымыпреамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы және басқада құжаттардағы кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алғанкүнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлуқағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау жәнебасқалары. 1991жылы 16 казанда " Қазақ КСР Президентінсайлау туралы" Қазақ КСР заңы қабылданды. Заңның 1 бабынасәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпығабірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауысберу арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпысбес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жылтүрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматысайлана алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР президентін сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау нәтижесінде НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіскежетті. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда"Қазақ КСР ҚазақстанРеспубликасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі"Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуітуралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 жылдың 10 желтоқсаннан бастап ҚазақстанРеспубликасы Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттіктәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін бекітутуралы қабылдаған заңы Президент Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуымен нығаюына қосқан айрықша үлесін мойындау болыптанылды.
Достарыңызбен бөлісу: |