1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет74/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ:
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. 
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда және Қазақстанның бір0атар облыстарында бой көрсетулері ұлтшылдық сипатта болған емес.Мұның өзі Конституция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азаматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру правосын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді.
Себептері:
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Демонстрация бейбіт және саяси сипатта болды.Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандар айтылып,басқа халықтарға қарсы байбалам салынған жоқ.Республика Компартиясы Орталық Комитетінің үйі алдында жиналған жастар заңдарды және қоғамық тәптіпті бұзған жоқ,олар тек пленумның шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп,сол шешіммен өздерінің келіспейтінін білдірді.Республика басшылығының әуел бастан жастармен тең праволы диалог бастағысы,олардың пікірін тыңдағысы келмеді.Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп санап,басшылық оған Алматы гарнизонын әзірлік жағдайына келтірумен және алаңды демонстранттар сапынан әлденеше есе көп күштермен қоршау туралы жауап қатты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 1987 ж. жазда КОКП ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет