1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет1/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт


1..Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы.
Адамзаттың 1,5-2 млн. жылдық даму тарихындағы ең ұзаққа созылған тарихи кезең – тасдәуірі деп аталады. Тас дәуірі өз кезегінде бірнешекезеңдерге бөлінеді: ежелгі көне тас ғасыры (палеолит ), орта тас ғасыры (мезолит ) және жаңатас ғасыры (неолит ).Ежелгі тас дәуірі адамзаттарихындағы ең ұзақ және ең күрделі кезең. Бұлдәуір шамамен 2,5 млн. жылдай уақыттықамтиды.Бұған Африкада табылған ежелгі адам сүйектері дәлел бола алады. 
Алғашқы адамдардың даму дәрежесіжануарлардан шамалы-ақ жоғары болды. Сондықтан, олар табиғат күштерінің алдындадәрменсіз еді.Бірақ, жылдар өте келе ол тастыңқасиетін біле бастады.Олар тастарды бір-бірінесоғу арқылы әртүрлі қарулар жасаудыүйренді.Қолына қару ұстаған соң жануарларға аңғашыға бастады.Олардың мекендеген үңгірлерін өзмекендеріне айналдырды.Сондықтан, тас дәуірініңалғашқы адамдары туралы басты ақпаратты солкездің кең тараған материялы – тастан жасалғанеңбек құралдары береді [4]. Тас құралдардызерттей отырып адам санасының дамуын көругеболады. Алғашқы кезде жасалған тас құралдарсалмақты ,үлкен домбарлап жасалған қарапайымқұралдар болып келеді.Жылдар өткен сайын қаружасау техникасы жетіле түседі. Оның көлемікішірейеді, есесіне қолдану аясы кеңейеді. Оларалғаш кездегідей тек аңға шығуға ғанаемес,күнделікті тұрмыста пайдаланылады (әртүрліқырғыш, кескіштер).Тас қару жасауда от пайдаланыла бастады.
Тас дәуірінің алғашқы кезеңіндегі тасқарулардың басты түрлері қол шапқылар, чопперлар,үшкір кесек татар болса , одан кейінгікезеңнің басты қарулары сүңгір ұштар мен қырғыштар болды . Соңғы палеолит дәуіріндееңбек және аң аулау құралдары әртүрлі бола бастады (қырнауыш, кескіш, найза ұштары ).Өңдеуматериалы ретінде сүйек пайдаланылды (сүйектенжасалған тескіштер, қырнауыштар, найза ұштары, саптар) Тас дәуірінде тек еңбек және аң аулауқұралдары ғана емес, сонымен қатар адамдардыңқоғамдық ұйымында күрделі де ұзақ даму жолынанөтті.Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр – бірлесіп қорғау және шабуыл жасау , аң аулау жәнежиын- терін үшін бірлесу болды.Бұл әлеуметтікқұрылым бейнесіздігімен, қоғамдыққатынастардың жетілмегендігіменерекшеленеді.Сонымен қатар оған некеқатыныстарының біршама реттелгендігі тән болды.
Соңғы жылдары жүргізілген археологиялықзерттеулер нәтижесінде Қаратау жотасыныңоңтүстік-батыс баурайлары мен Сырдария өзеніалқабының арасындағы таулы жазықтықтанЕвразия территориясында теңдесі жоқ жаңа«травертиналық» үлгідегі ескерткіштер табылыпотыр.Бұл ескерткіштер Қазақстан археологиясындақалыптасқан тас ғасыр хронологисына өзгерістеренгізу мүмкін.Осы ескерткіштердің табылуынабайланысты, қазір мынадай гипотеза бар: Қазақстан – ежелгі адамдардың таралуыныңсолтүстік ошағы болуы мүмкін [9].Бұл туралыОңтүстік Қазақстандағы тас ғасыр ескерткіштерінзерттеген археолог Х.А.Алпысбаев болжамайтқанын ескерсек [10],тақырыптың маңыздылығыарта түседі. Ескерткіштердің басым көпшілігіҚаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратаужотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласымен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліптұр.Климаты жағынан Қаратау жотасыныңжағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекшеқолайлы болған .Қаратау жотасы Арыстанды, Тұрлан, Шаян, Боралдай сияқты көптегенөзендермен суарылады.Сондықтан ескерткіштеркөбінесе тау бөктерлерінде немесе өзеналқаптарында кездеседі. Оңтүстік Қазақстандағытас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігінХ.А.Алпысбаев ашқан. Ол кісі 1957 жылданбастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тасғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасындабүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгіадамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерініңқортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылымижинақтарда мақала етіп басып шығарды. Өзіқайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көргенмонография және басқа да мақалалары [13] ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегініңқортындысы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет