Байланысты: 1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт
9 Сұрақ Тасмола мәдениеті :қорғандар мен материалдық мәдениетттің ерекшеліктері . Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.
1958 – 68 ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындыларжасалынды.
1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспед. құрамында ертетемір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарғанҚадырбаевтың 1959 – 63 ж. Павлодар облысы Екібастұзауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола-1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын-1, -2, Нұрмамбет-1, -2, -4 зираттарындажүргізген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев1966 ж. Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археол. мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құндыдеректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.
1970 – 99 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлымкеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғыл. айналымғатүсті.
1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обалардызерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмоламәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетініңсолт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқаархеол. экспед. (жетек. А.Бейсенов) далалық зерттеулерібарысында (2000 жылдан) Қарқаралы өңірінен ерте темірдәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйірсияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед. (жетек. Хабдулина) тарапынан Сілетіөз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргісипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгіескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарғабайланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымғажаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетінсипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғниобалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуықжерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқанішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-біріалмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтыңжәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екісатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақынболғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштерімәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршамажаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңгебайланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астамнысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташатүрлері кеңірек танымал. Тасмола кезеңінің ғұрыптықескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздепсаналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқатартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделіқұрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухыменқоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған